Биологиядан экологиялыќ жјне ўлттыќ мазмўндаєы есептер



бет11/32
Дата28.03.2023
өлшемі341 Kb.
#173134
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
biologiya-pnnde-oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-arttyru-bayandama

Жауабы: 70 000 жыл қажет
Есеп № 3
1960 жылы Арал теңізінің ең терең жері 30 метр болған. Гидрологтардың мәліметі бойынша теңіз жыл сайын 40 см-ге төмендеуде екен. Егер ешқандай шара қолданбаса, теңіз қанша жылда құрып кетуі мүмкін?
Жауабы: 30 метр(3000 см)
3000 / 40 = 750 жыл


Есеп №4
2010 жылы наурыз айында Каспий теңізінің жағалауында танкердің апаты нәтижесінде теңізге 230 мың тонна мұнай төгілген. Егер 15 мг/л мұнай балықтың өліміне алып келетін болса, балық өлім-жетімге ұшыраған су көлемін анықтаңыз.


Жауабы: 1,5х1010м3


Есеп № 5
Қазақстанның әр азаматының бір автокөлігі тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автокөлік 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?


Жауабы: 3600 (кг)
Есеп №6
Біздің туған қаламыздағы әр автомобиль 1 шақырымға орта есеппен 40 г зиянды заттар шығарады. Егер автомобильдің жолы 40 шақырымға созылса және ол 3 рет барып келгенде қанша мөлшерде зиянды заттар шығарады?
Жауабы: 960 г


Есеп №7
Қазақстанда қалдық қағаздарды (макулатураны) қайта өңдегенде ауаға шығатын зиянды заттардың мөлшерін 75%-ға, суға шығарылатын заттардың мөлшерін 65%-ға төмендетеді және орман ағаштарын үнемдейді. Сондай 1 тонна қалдық қағаз 12 ағашты үнемдейтін болса, 4 тонна қалдық қағаз (макулатура) қанша ағашты үнемдейді?
Жауабы: 48 түп ағаш
Есеп № 8
Сұрыптауды жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен шағылыстыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түстері бар. Бұқаларының салмағы 850-1000кг сиырлары 450-470 кг тартады. Сиырдың бұл қолтұқымды Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Қандай қолтұқым оны қандай мақсатта өсіреді?


Жауабы: Қазақтың ақ бас сиыры, етті бағытта өсіреді
Есеп № 9
Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі. Солардың бірі Батыс Қазақстанда халықтық сұрыптау нәтижесінде жергілікті биелерді басқа асыл тұқымды айғырлармен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым. Қазіргі кезде көп кездесетін шаруашылыққа кеңінен пайдаланатын жылқы. Ол қандай жылқы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет