«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет22/66
Дата07.02.2022
өлшемі230,51 Kb.
#90852
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
2c908bb6-082b-11e7-bfa7-a692e7d05c5eбиологи экология лекция

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010


БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ № 11,12
Тақырып-4
ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ –ДЕМЭКОЛОГИЯ.


Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1. Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы.
2. Популяция тіршілік ұзақтығы, тірі қалу қисықтары.
3. Популяция санының динамикасы.

Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.


Популяцияның жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:
1. жаңадан туылған;
2. жас- өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;
3. жартылай ересек- жыныстық жетілуге жақын;
4. ересек – жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физмологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;
5. қартайған - көбеюге қабілеті жоқ даралар.
Әдетте популяцияда - барлық жастық топтар болады. Олар бірітіндеп бір-біріне өтіп отырады және үнмі жаңарып отыруы популяцияның оптимальды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы мүмкін: қандай да бір жастық топтың санының кемуі популяцияның деграциясына немесе керісінше шектен тыс артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағының көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет