Биологиялық химия Кафедрасы


ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР КЕРІ БАЙЛАНЫС



бет53/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР КЕРІ БАЙЛАНЫС:

    1. Фермент дегеніміз не?

    2. Ферменттердің жіктелуі және катализдік реакциялары.

    3. Ферменттердің номенклатурасы неге негізделген?

    4. Жекелеген ферменттер мен изоферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы.

3дәріс.


Тақырыбы: Энергия алмасуы. Энергия алмасуының сатыларына қысқаша сипаттама.
Мақсаты: Энергия алмасуы және оның сатылары туралы түсінік беру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Энергия алмасуы туралы түсінік.

  2. Энергия алмасуының сатылары.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Энергия алмасуы туралы түсінік.
Күн энергиясы кеңістікте әр түрлі ұзындықтағы электромагниттік толқындар түрінде таралады. Биосфера Күн энергиясының небәрі 0,02%-н ғана сіңіреді. Бұл аутотрофтар болып табылатын өсімдіктер арқылы жүзеге асады, ал жануарлар Күн энергиясын тікелей пайдалана алмайтындықтан, гетеротрофтар деп аталады. Олар энергияны өсімдік дүниесі синтездегеніміз органикалық заттардан алады. Жасыл өсімдіктердің Күн энергиясын пайдаланып, су мен көмірқышқыл газынан көмірсулардың (глюкозаның) түзілуін фотосинтез деп атайды.
2О + 6СО2 + 2847кДж ↔ С6Н12О6 + 6О2

Жоғары сатыдағы жануарлар көмірсулар мен басқа да қоректік заттарда жиналған энергияны пайдаланады, тыныс алғандағы О2 қатысуымен оларды ыдырату арқылы алады.
Бұл кезде бөлінген энергияның негізгі бөлігі жылу түрінде (52-60%) таралады, ал біраз бөлігі АТФ түрінде қорға жиналып, организммен пайдаланады. Сонымен, организм үшін қажет энергия күн энергиясын пайдаланған өсімдік тағамымен түседі екен. Энергия алмасудың биологиялық мәні органикалық заттарда сақталған энергияны пайдаланып, оны цитоплазмалық компоненттердің синтезі мен басқа да үрдістерге бағыттау болып табылады.
Энергия алмасуының 4 сатысы бар: 1 – көмірсу, липид және белоктардың арнайы жолдармен ыдырап, ортақ өнім АСҚ түзуі; 2 – ҮКЦ; 3 – БТ, немесе тіндік тыныс алу; 4 – ТФ
Энергия алмасуының сатылары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет