5. Оқыту және сабақ берудің әдістері:
Әдіс-комбинациялық:
1)Комбинациялық (біріккен) сұрау (ауызша және жазбаша сұрау)
Оқыту құралдары: анимация, гормондардың әсер ету механизмдері бойынша дәрістің электронды нұсқасы, тесттік тапсырмалар, жазбаша бақылаудың билеттері.
Сабақты ұйымдастыру үй тапсырмасы беріледі:Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар: инсулин, глюкокортикостероидтар (ГКС), глюкагон, норадреналин, адреналин, соматотропты гормон (СТГ), соматомединдер.
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Инсулин, түзілуі, әсер ету механизмдері, нысана жасушалары, белоктар, көмірсулар және липидтер алмасуына әсері.
Глюкагон, әсер ету механизмі, нысана жасушалары, зат алмасуына әсері.
Катехоламиндер (адреналин және норадреналин), түзілуі, әсер ету механизмі, катехоламиндердің белоктар, көмірсулар және липидтер алмасуына әсері, қан тамырлар тонусына әсері.
Глюкокортикостероидтар (ГКС).
Соматотропты гормон (СТГ).
Соматомединдер.
Қантты диабет кезінде байқалатын биохимиялық бұзылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |