Тақырыптың негізгі сұрақтары: Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:
Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.
Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Оқыту құралдары: кафедраның әдістемелік нұсқаулары, дәрістің электрондық нұсқасы, видеофильм (кафедралдық ноутбуғының жұмыс столында бар). Ұйымдастыру бөлігі –оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дың мақсаты мен оқу міндеттерімен ианыстырады, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді: «Ферменттер. Лиазалар. трансферазалар».
Келесі сабақтың өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар: Трансферазалар – жіктелуі, жалпы сипаттама.
Кетоқышқылдарының және амин қышқылдарының декарбоксилазалары –құрылысы, катализдік әсері.
Карбангидразалар – құрылысы және катализдік әсері.
Тақырып және тапсырмалар бойынша видеоәдіс («Гидролазалар») арқылы кеңес беру:
оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студентке тапсырма береді.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары: студенттер шағын топтарда жағдайлық есептер мен жаттығуларды шығарады және «Гидролазалар класының негізгі өкілдері» кестесін толтырады.
Шағын топтарда жұмыс жасау үшін проблемалық жағдайлардың мысалдары Ашытқыны 0С+4С температурасы тоңазытқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны глюкозаның ерітіндісіне қосты да, +37С-тағы термостатқа қойды. Глюкозаның ашуы байқала ма? Неге? Ал егер қайнатса?
Белгісіз ерітіндіге оптималды температурада амилаза ерітіндісі қосылды. Ерітіндіге Люголь ерітіндісін қосқанда сұйық сары түске боялды. Пробиркада қандай ерітінді болды? Қандай өнім түзілді? Дәлелдеңіз.
Ерітіндінің температурасы 60С. Бұл жағдайда амилазаның активтілігін тексеруге болады ма?