Биологиялық химия Кафедрасы



бет384/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

Жағдайлық есептер:
1. Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды, кетон денелерін ашатын реакция оң болды. Ауыздан жеміс иісі шығады. Сіздің болжам диагнозыңыз.
2. Науқасқа инсулинді еңгізгенде есінен айырылды. Сіз не істейсіз? Неге инсулиннің үлкен дозасын еңгізгенде осындай эффект болады?
3. Қантты диабеттің негізгі симптомдарын есіңізге түсіріңіз. «Қантты диабет–бұл баршылықтағы аштық» деген мағынаны түсіндіріңіз.Үнемі және жиі «фаст фудпен» тамақтанатын адамдар артық дене салмағын жинауға және семіруге бейім.Мұндай тақтануда метаболизмнің қандай өзгерістері семіруге әкеледі? Семіру қандай гормонның әсерімен байланысты?
4. Қантты диабетпен немесе стероидты диабетпен ауырмайтын науқас тісін жұлдыруға дәрігерге келді, оның қанындағы глюкоза мөлшері 7,5 ммоль/л болды. Науқастың қанындағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?
5. Бұлшық етінің әлсіздігіне, жарасының жазылуының нашарлауына, остеопороз және пародонтозға шағымданған науқастың қанында глюкоза концентрациясы 8 ммоль/л, мочевина – 10 ммоль/л, кетон денелері – 2 мг/дл, инсулина мен С – пептид мөлшері нормада. Бұнымен қатар тәуліктік зәрінде мочевина мөлшері артқаны байқалды. Бұл кездегі гипергликемия және азотемия себептерін түсіндіріңіз.Неге науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалады? Науқас шалдыққан ауруды атаңыз.
6. Бұлшық етінің салмағын өсірген спортсмен – культуристерге тренер ұзақ уақыт дене еңбегімен шұғылдануға тыйым салады. Мұндай ұсыныстың себебін түсіндіріңіз.
7. Аурухананың қабылдау бөліміне көшеде есінен танып құлап қалған қыз түсті.
Науқастың туысқандары оның анорексия екенін және 5 апта тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Тексеру кезінде науқастың қанында глюкоза деңгейі 1,8ммоль/л, кетон денелері – 250 мкмоль/л, қан рН 7,1 болды. Науқасты есінен тануға әкелген қанының көрсеткіштерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.
8. Қантты диабетті ұзақ уақыт гликлазидпен (сульфомочевина туындысы) емдегеннен кейін науқаста гипогликемия байқалды.Дәрілік препараттар ­ сульфомочевина туындысы инсулин секрециясын арттырады. Гликозид ұйқы безінің ­жасушасының плазмалық мембранасының рецепторымен байланысқан кезде мембраналық К+ - каналы жабылады. Науқастың қанында глюкоза деңгейінің төмендеу механизмін түсіндіріңіз.
9. Кейбір дәрілік заттар (кофеин және теофиллин) цАМФ­ті жай АМФ­ке айналдыратын фосфодиэстераза ферментінің әсерін тежейді. Бұл препараттарды берген кезде қанда май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді? Май тініне адреналиннің және осы препараттардың әсерін схема түрінде көрсетіңіз.
10. 39­жастағы ер адамда май қарынында жиналып семірген,стрии, гипертензия. Чарльз соңғы екі жылда өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығында біраз өзгерістер болғанын байқады. Салмағы 13,5 кг артты май беті мен қарынына жиналады.Ішінде қоңыр жолақтар , бетінде безеу, кеудесі мен арқасында дақтар пайда болды.Оның беті үнемі күн мен желде ұзақ болғандай қызарып тұрады. Бұлшық етінің күші азаяды. Микроавтобусқа кіріп шығуы қиындады, кейде орындықтан тұруға қолымен көмектесу керек болды.Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет