8.Бақылау:
Сұрақтар:
1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2.
Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орындары.
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері.
5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
6. Гормондардың әсер ету механизмдері:
а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.
б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;
в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.
7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.
8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері
10. Эндемиялық зоб.
Жаттығулар:
Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге тәуелді?
Гормон рецепторлары жасушаның қай бөлігінде орналасуы мүмкін?
Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар неліктен қысқа уақыт әсер етеді?
Аденилатциклаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.
Активсіз протеинкиназа А-ның құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?
Протеинкиназаның қандай түрлері болады?
Активсіз протеинкиназа G-дің құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?
Гуанилатциклазды жүйенің түрлері. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.
Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза қандай лигандтар арқылы активтенеді? Олар қандай органдарда кездеседі?
Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасын қандай заттар активтендіреді?
Бұлшық ет тінінің қандай белогы кальмодулиннің аналогы болып табылады?
Инозитолтрифосфат пен диацилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз.
II механизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.
III механизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.
Инсулин рецепторының құрылысы.
ІII механизм бойынша әсер ететін гормондардың әсерінен қандай ферменттік жүйе активтенеді?
Кейбір дәрілік препараттар (кофеин және теофиллин) фосфодиэстераза ферментінің (цАМФ-ті жай АМФ-ке айналдыратын реакцияны катализдейтін фермент) әсерін тежейді. Осы препараттарды енгізгенде қандағы май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді?
1.Гормондар химиялық табиғаты бойынша:
А)
жай белок
В) күрделі белок
С) холестерин туындысы
D) амин қышқылдарының туындысы
Е) көмірсулардың туындысы
2.Қандай гормон құрылысы бойынша гликопротеин болып табылады:
А) тиреотропты гормон
В) вазопрессин
С) глюкагон
D)
окситоцин
Е) инсулин
3.Гормондар өз әсерін тигізеді:
А) лизосомалар арқылы
В) натрий каналдары арқылы
С) АТФ-азаның көмегімен
D) рецепторлар арқылы
Е) тасымалдаушы РНҚ-ң көмегімен
4.Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кезедеседі:
А)
май қышқылдарымен
В) фибриногенмен
С) липопротеидтермен
D) альбуминдермен
Е) коллагенмен
5.Гормонның активті формасы болып табылады:
А) белокпен байланысқан
В) липидпен байланысқан
С) гидроксилденген
D) бос
Е) гликозилденген
6. Гормондардың жасушаішілік делдалдары болып табылады:
А)
ДАГ пен инозитолтрифосфат
В) Са
2+
С) ацетил-КоА
D) убихинон
Е) циклді нуклеотидтер
7. цАМФ тәуелді протеинкиназа тездетеді:
А) белоктардың гидролизін
В) мембрана белоктарының фосфорлануын
С) рибосома белоктарының фосфорлануын
D) фосфорилаза
мен липазаның активтенуін
Е) пируваттың фосфорлануын
8. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза кездеседі:
А) бүйрек каналдарының жасушаларында
В) май тінінің жасушаларында
С) қан тамырларының тегіс салалы бұлшық етінің жасушаларында
D)ішектің эпителий жасушаларында
Е) сүйек тінінің жасушаларында
9. Паратгормон бүйректе стимулдейді:
А) натрий
мен калийдің экскрециясын
В) натрий реабсорбциясын, калий экскрециясын
С) Са реабсорбциясын, фосфаттардың экскрециясын
D) фосфаттардың реабсорбциясын, Са экскрециясын
Е) Са мен фосфаттардың реабсорбциясын
10. Трийодтиронин оксидоредуктазалардың
синтезін арттырады, сондықтан:
А) БТ жылдамдайды, энергия көп бөлінеді
В) БТ жылдамдайды, энергия аз бөлінеді
С) көмірсулардың, липидтердің,
белоктардың ыдырауы артады
D) көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы баяулайды
Е) БТ баяулайды, энергия аз бөлінеді