7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.
№ 3 ОСӨЖ
Тақырыбы: Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер:құрылысы және негізгі өкілдерінің ролі, глико- және нуклеопротеиндердің қасиеттері.
Мақсаты:
1) Күрделі белоктардың: глико-, хромо-, нуклеопротеиндердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы алған білімдерін бекіту.
2) Студенттердің кәсіптік әдебиеттермен жұмыс жасау және жағдайлық есептерді шешу дағдылары мен аналитикалық қабілеттірн қалыптастыру.
Оқыту міндеттері: Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Гликопротеиндердің құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы, жеке өкілдері.
2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, қасиеттері, маңызы.
3. Нуклеопротеиндердің құрамы мен қасиеттері. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрылымдары.
5.Оқыту әдістері мен құралдары: Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген).
Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, тақырып бойынша сурет, дәрістің электронды нұсқасы.
1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы:
1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.