Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет36/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым.
Биологияны оқыту әдістемесі- мектеп пәндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Әдістеме педагогикалық ғылым.Сондықтанда оның мақсат, міндеті жалпы білім берумен тәрбиелеуге бағытталған. Биологияны оқыту әдістемесі түрлі әдістерді мұғалімге меңгертудің нәтижесінде оларды оқушыларға нақты биологиялық білім беруге және осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. әдістеме пән оқулығының мазмұның әдістер тәрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Әдістеме биологияны не үшін оқыту керек, қалай оқыту керек және неге тәрбиелеу керек деген сұқраққа жауап береді. Биологияны оқыту әдістемесінің өзіндік пән ретінде ерекшеленеді. Мұнда нақты обьектілер (өсімдіктер, жануарлар, адам) және тірі табиғат және оның дамуы қарастырылады. Сондықтан сабақты ұйымдастыруға ерекше түрлер үйге тапсырма, кластан тыс жұмыс және көрнекіліктер, сарамандық жұмыстар қажет. Биология курсын оқыту үшін дұрыс толық жабдықталған кабинет, тірі аймақ бұрышы қажет. Биология қоршаған ортаны толық білуге, қорғауға, ауыл шаруашылығының ғылыми негізгі жалпы және еңбек гигиенасының ролін беруге мүмкіндік беріп өмірге дайындайды. Тірі табиғат обьектілерін бақылау және оны салыстыру, аңықтау оқушылардың ой- өрісін дамытады. Зертханалық, сарамандық оқу- тәжіребесін аймақты, үйірмеде тірі табиғат бұрышы. Оқушылардың жұмыстануы олардың танымдық қызығушылығын ұйымдастыру дағдысын еңбек мәдениетін арттырады.
Биологияны оқыту әдістемесіне биологиялық оқытудың жалпы әдістемесіне және жеке әдістемесі болып екіге бөлінеді. Биологиялық оқытудың жалпы әдістемесі мектепгі биология курсына құрылым мазмұнын, жүйесін және оның басқа пәндермен байланысын биологиялық ұйымдардың дамуын материалдық бағасының жалпы ұйымдасуын, әдіс- тәсілдерді оқытудың түрлерінің тәсілдері тәрбиелеу жүйесін қарастырады. Ол жеке әдістеме толық әдістеме мен тығыз байланысты. Биологияның жеке курстарын оқытудың әдістемесімен айналысады. Оқу материалының мазмұның жас ерекшелігіне байланысты
2.Биологияны және экологияны оқыту әдістемесі ғылыми негізі.
Биологияны оқыту әдістемесі- биология ғылымымен байланысты. Мектеп биология курсын оқыту үшін мұғалімнен биология теориясын білімді практикалық дағдыны табиғатта өсімдіктермен жануарларды тану және оны аңықтай алу, оларды өсіру эксперемент жүргізе білуді сұрайды. Биология ғылымымен мектептің биология пәнінің мақсаттары әртүрлі. Биология ғылымының мақсаты: табиғаты зерттеу нәтижесінде тану, ал биологиялық пәннің мақсаты: осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми фактілермен жабдықтарды оқушыларға беру. Биологияны оқыту әдістемесі агрономия, медицина, психология, педагогикамен тығыз байланысты.
Әдістеменің дамуы мұғалімнің жеке тәжірибесінің нәтижесінде алынған әдістемелік нұсқаулар зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта шашыраңқы болған жаратылыстың жалпы әдістемесінен жеке әдістемелер бөліп шығып, өзіңше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, бір жүйе келтірудің нәтижесінде әдістеменің негізін қалайды. Әдістеме оқушыларды дұрыс оқуға және оқыту уақытын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін практикада тексерілген ғылыми теорины ұсынады. Әдістеме оқытудың мақсатын тануға және тәрбиелеуге көмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының негізін білмей сабақты жүйелі береді деу өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет