Биологияны пәнаралық байланысы негізінде оқыту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру



Дата28.06.2017
өлшемі137,69 Kb.
#20305
БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ - ҮЛГІСІНДЕ)

Р.К. Жексембиев, б.ғ.к.,профессор. К.И. Азирбаева 1-курс магистранты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,Алматы

Қазіргі таңда жаңа әлемдегі Қазақстанның білім беру жүйесінде жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбие беру олардың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерінің жан – жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл қарастырылып отырған мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік – экономикалық, мәдени және рухани дамудың және өрлеудің ең басты факторы ретінде жариялануда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында (2007) «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғалымдық коммуникациялық желілерге шығу» - дегенге сүйене отырып заман талабына жауап бере алатын оқыту әдістерінің инновациялық бағытын дамытуды көздейді делінген.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологияларды, әртүрлі әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.



Пәнаралық байланыс – қазіргі заман талабына сай оқыту процесінің маңызды саласы болып табылады. Бұл байланыс жаратылыстану пәндері мен қоғамдық - гуманитарлық пәндер арасындағы байланыстарды және оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыруға көмектеседі. Пәнаралық байланыс арқылы биология пәнін басқа пәндермен кіріктіре отырып оқытудың оқу – тәрбиелік міндетін аша түседі. Сондықтан да мұғалім бология пәні сабақтарында және оқушылардың өзіндік жұмыстарында пәнаралық байланысты шығармашылық жолмен қолдана білуі тиіс.

«Пәнаралық байланыс» түсінігінің мағынасы өте кең. Педагогикалық сөздікте: «Жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстары пәнаралық байланыс» - деп аталған.

Пәнаралық байланыстардың функцияларының жиынтығы пән мұғалімі олардың көп түрлілігінің бәрін бірдей қолдана білгенде іске асады. Мұндай байланыстардың цикл ішілік (биологияның химиямен, экологиямен байланысы) және цикл аралық (биологияның қоғамдық пәндермен, еңбекке баулумен байланысты) түрлері болады.

Пәнаралық байланыста оқыту жөнінде кезінде Я.А. Коменский, А. Дистербег, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б. педагогтар өзінің іс-тәжірибелеріне сүйене отырып айтып өткен.

Қазақстандағы биология және химия, экология пәндерінің оқыту әдістемелерін дамытуға ғалымдар Р.О.Сәтімбеков, Қ.А. Аймағамбетова, А. Бейсембаева, Ж.Ә. Шоқыбаев, У.М. Мақанов, Қ.О.Шайхеслямова, Ж.Б. Шілдебаев, К.Ж.Жүнісова т.б. еңбектері негіз болды.

Жалпы алғанда, пәнаралық байланыс мақсаты дидактикалық, психологиялық, әдіснамалық, физиологиялық талаптардан туындайды. Бұл өз кезегінде сабақтың тиімділігі мен пәрменділігінің артуына, дидактикалық принциптердің жүзеге асуына, оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына септігін тигізеді.

Биологияны экология, химиямен байланыстыра оқытқанда, сабақта өтілген материалдарды толықтырып, оқушылардің білімінің тереңдеуіне, әр саладағы білім қорларын жүйелі түрде игеруге көмектеседі және оқушылардың ой -өрісін кеңейтіп, диалектикалық – материалистік көзқарасын қалыптастырады [1].

Классикалық педагогикада пәнаралық байланыс негізінде байланыстыра оқыту идеясы Я.А.Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет» - деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып байланыстыра оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяны көптеген педагогтар одан әрі дамытты. Классикалық педагогиканың келесі ұлы өкілі педагог К.Д. Ушинский пәндер арасындағы байланысты пайдаланып, байланыстыра оқытудың тиімділігін психология-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оның дидактикалық маңызын көрсеткен. К.Д.Ушинский пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясын жүйелеп оқытудың бір бөлігі деп қарастырды. Байланыстыра отырып оқытудың маңызын ұлы ғалым былайша көрсеткен: «Бастығы жүйесіз, ретсіз, үзінділер түріндегі білімнен, қожайынның өзі де ешнәрсені таба алмайды. Шебер мұғалім оқушының тек өзінің пәні туралы білім алуын ғана емес, жалпы ақыл-ойының дамуын көздейді».

Ұлы педагогтың байланыстыра оқыту идеяларын В.Я.Стахарин, Н.Ф.Бунаков, В.И.Водовозов, т.б. педагог- ғалымдар жалғастырып, пәндерді байланыстыра оқыту әдістемелерін жасады. Өткен ғасырдың прогресшіл әдіскерлері мұғалімдердің кәсіби біліктілігі олардың әртүрлі пәндердің мазмұнын байланыстыра отырып оқыта алу мүмкіндігін меңгеруінде деп көрсеткен. Озық педагогтар мен әдіскерлердің жұмыстарын практик-мұғалімдер өз іс-тәжірибелерінде қолдана алмағанымен, олар кейінгі педагог-ғалымдар мен прогресшіл мұғалімдердің зерттеуінен тыс қалған жоқ.

Пәндерді байланыстыра оқыту үшін пәндер арасында мазмұндық байланыс болуы тиіс. Пәнарлық байланыстың 30-дан астам анықтамалары белгілі. Солардың кейбіреулеріне тоқталып өтейік:



Ю.А.Самарин: «Пәнаралық байланыс – бұл дидактикалық заңдылық»,-деген [2].

П.Т.Кулагин: «Пәнаралық байланыс мұғалім мен оқушылар жасайтын жұмыстың жүйесі»,-деген анықтама бере келе, «білімді меңгеру үрдісін ұқсас пәндер мазмұны қамтиды»,- деген тұжырым жасады [3].

Г.Ф.Федорецтің анықтамасы: «Пәнаралық байланыс дегеніміз – шынайы өмірдің объектілері, құбылыстары, процестері арасындағы синтездеуге, кіріктіруге ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория». Г.Ф.Федорестің пікірінше, бұл қарым-қатынас оқу процесінің мазмұнынан, нысанынан және тәсілінен көрінеді [4].

Н.А.Лошкареваның анықтамасы: «Пәнаралық байланыс дегеніміз – ақиқат шындықты баяндаудың диалектикалық нысаны, педагогикалық талап принципі» [5].

И.Д.Зверев пен В.Н.Максимова: «Пәнаралық байланыс – жүйеліліктің, жалпы әдіснамалық принциптің негізгі формаларының бірі»,- деп көретеді [6].

Б.М.Кедров «пәнаралық байланыста дидактикалық принциптердің жүзеге асуы қажетті шарт» екеніне ерекше көңіл бөледі [7].

А.А.Бейсенбаева «пәнаралық байланыс» ұғымын өз мәнінде үшке бөледі: байланыс құрамы, байланыс амалы және байланыстың бағыттылығы.

Байланыс құрамына байланыстың негізгі объектілері кіреді, атап айтқанда, оқу пәндерінің арасындағы құрамы өзектес пәндер, хабарламалар объектілері.

Байланыс амалына бір пәннен екіншісіне және басқаларына хабар беру амалдары мен құралдары енеді. Байланыс амалдарын таңдау оқытушының білім деңгейіне, оқу орнының материалдық-техникалық базасына (көрнекі құралдар, техникалық оқу құралдары және т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне) байланысты.
Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - жаратылыстану-математикалық бағыттағы эксперименталды ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Екінші модель - негізгі және жоғары мектепте балаларды халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту.

Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді  пайдаланудың тиімді жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың  жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана – сезімнің даму көрсеткіші болып табылады. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпалын тигізеді.



Бағдарламаның модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық

технологияларды ( АКТ) пайдалану;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Биология пәнін оқытуда алға қойылатын міндеттер:

–         Орта мерзімді және қысқа мерзімді  сабақ жоспарларын жасау;

–         Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру,

–         Жеті модульді үнемі пайдалана  отырып  сабақ  өткізу;

–          Өз бетінше білім алу дағдыларына       негіз салу;

–         Биологиялық  білім деңгейлерін тереңдету;

–         Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту;

–         Интеллектуалды  жеке тұлғаны қалыптастыру;

–         Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру;

–         Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту;

–         Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;

–         Қосымша материалдар мен  жұмыс   жасауға үйрету.


Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі білім деңгейін салыстыра отырып қарастырсақ: оқушылардың білім алып жүрген мектептерінде оқыту жүйесін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» үлгісіндегі сабақтарын, соның ішінде биология пәнін жан – жақты, салыстыра отырып қарастырдық. Назарбаев Зияткерлік мектебінде биология сабағын терең зерттеп, сабақты талдау және өзіндік талдау үлгісі, сабақ жабдықтары, сабақ мазмұны, сабақ түрі мен құрылысы, білім беру әдістері, сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру, мұғалім жұмысының жүйесі, оқушы жұмысының жүйесі, сабақтың жалпы нәтижелері осы құндылықтардың бәрін осы мектептің оқыту жүйесінен көруге болады.

«Назарбаев Зияткерлік мектебінде» білім жүйесі өте терең ауқымда өткізіліп жүргізілуде. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, құлшыныстары, белсенділіктері осы айтылған жүйелердің барлығын оқушылардан көруге болады.

Оқушылар сабақ барысында өздерін жақсы ұстай алуы, сабақтың жақсы өтуіне септігін тигізеді. Сабақ өту барысында оқушылар білім беру жүйесіндегі әдістерді, оларды ұйымдастыра алуды сабақ жүргізуді, оқушының өзіне тән жұмыс жүйелерін, тіпті мұғалім жұмысының жүйесін де біледі деп атап айтуғада болады. Оқушылар сабаққа әр түрлі қырынан дайындалып, ізденіп келуде. Тіпті жаңа сабақты өздері түсіндіріп, ізденіп, жан – жақты қырынан көрсетіп сабақты талқылап, талдап сабақтар жүргізіледі.

Осы айтылған құндылықтарды «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі» биология пәнінің ерекшелігі мен тиімділігін көрсетеді. Қазіргі таңда білім жүйесі басқа мектептермен салыстырғанда бұл мектептің өзіндік сабақ өтудегі тиімділігі мен ерекшелігін нақты атап бере аламыз. Ерекшелігі деп сабақты әртүрлі тұрғыда өтуі, бір сабақтың екінші бір сабаққа мүлде ұқсамауы, әртүрлі әдістермен өтуі осының бәрін ерекшелікке жатқыза аламыз. Ал, тиімділігі деп сабақ өтілу барысында әр жүргізілген этаптардың өз орнымен, уақытымен түсінікті түрде жүргізілуі.


2016-2017 оқу жылында педагогикалық практикам Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтілді. Пән мұғалімдерінің сабақ өту тәсілдеріне тоқталсақ : бұл ұстаздардың барлығы сабақты өтуі қазіргі жаңа технологияларға толықтай сай келеді. Мысалы, бір сабақты жан-жақты зерттеп, басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасай отырып, осы сабаққа қатысты әртүрлі видеороликтерді (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде пайдалануы, жас ерекшеліктеріне байланысты және сыни тұрғысынан ойланатын тапсырмалар мен сұрақтардың қарастырылуы, оқушыларға (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерінің бөліп берілуі, оқушылардың өздеріне жаңа тақырып бойынша жұмыстар жасатуы (постер, сызба нұсқа, суреттер, т.б), жаңа тақырыпты өмірмен байланыстырып, мысалдармен дәлелдеп көрсетіп айтуы, оқушыларға өтілген тақырыптарды беріп, сол тақырып бойынша оқушылар өздерінің қолөнер шеберліктерін арттырып, тақырыпқа байланысты дәйекті материалдарды жасап алып келуі, тіпті жаңа тақырыпты оқушылар өздері мұғалім ретінде түсіндіруі, тағы басқаларды – мен осы аталған құндылықтардың барлығын, тіпті бұдан артығымен де биология пән мұғалімдердің бойынан көріне алды:

Қазіргі кезде  білім беру саласында оқытуда ақпараттық  технологияларсыз  елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі  оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық – технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ  жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үрдіс. Ақпараттық әдістемелік материалдар  коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Педагогикалық практика кезінде жеті модульді пайдаланып, оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында жүргізген сабақтарға келетін болсақ:

9 «А», «С», «F» – сыныптарына Эволюция тарауында тұрған «К.Линней, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин еңбектері» тақырыбында болатын. Ең алдымен оқушыларды эволюция терминімен таныстырып, мағлұматтар берілді. Содан соң оқушылардан ғалымдар туралы қысқаша ақпараттар сұралды. Оқушыларды үш топқа бөліп, ғалымдарды бөліп беріп, постер жасалды. Яғни, бұл жердегі мақсат топқа түскен ғалымдарын толық зерттеп, жан- жақты қарастырады, бір сөзбен айтқанда әр топ өзіне түскен ғалымды жарнамалайды. Соңында үш топ бір-бірлеріне өздеріне түскен ғалымдары туралы қорытынды сұрақтарын қояды. Нәтижесінде үш сыныптың да жақсы жарнама түрлерін көре білдік. Оқушылар сабақтан естен кетпес әсерлерін де ала білді. Бұл сабақта АКТ-ның интерактивті тақта, мультимедия, интернет кеңістігі, электронды оқулық түрлері қолданылды. Осының нәтижесінде оқушылар бұл сабақтан өздеріне толықтай ақпараттарды алып, қосымша материалдар жинақтай алды.

Практика барысында ашық сабақта «Жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлі» деген тақырыпты талдадық. Жаңа сабақты презентацияны пайдалану арқылы бастадым. Презентация басында өткен тақырыпты жаңа сабақпен ұштастыру мақсатында шолу жасадым. Сабақ барысында мен практикалық жұмыс ретінде дрозофила шыбынының аталық және аналық жұптарын лупаның көмегімен оқушыларға көрсеттім. Оқушылар өздері көре отырып, жұптарын ажыратып, айырмашылықтарын айтты. Бұған қосымша ретінде өзімде толықтырып айтып өттім. Сабақ барысында 3 түрлі құпия жәшік қолдандырылды. Бұл жәшіктердің ішінде әртүрлі дидактикалық материалдар болатын. Яғни оқушылар 3 топқа бөлініп әр топ өзіне ұнаған жәшіктерін алып, тапсырмаларға толықтай жауаптарын берді. Үш топта барлық тапсырмалармен толықтай танысып шықты. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты есептер түрлері, схема түрінде суреттер, үлестірмелі материалдар түрінде суреттер берілді. Бұл тапсырмалардың бәрімен толықтай танысып шығып, белсенділіктерін танытты. Сабақ жалғасып жатты, әрі қарай жынысты анықтауда хромосомалардың рөліне байланысты видеоролик көрсетілді. Бұл жерде хромосомалардың өзгерісін анық көріп, жынысты анықтауды үйренді. Сонымен қатар сабақта жынысты анықтауға байланысты ойын ұйымдастырдым. Бұл кезде оқушылар үлкен бір топты құрады, яғни отбасындағы жынысты анықтау негізінде қанша ұл бала, қанша қыз бала дүниеге келетінін анықтап шығарды. Бұл ойын оқушыларға өте қызықты болды, оқушылардың барлығы сабақта белсенділік танытып отырды. Сабақ соңында рефлекция жүргізілді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда орта мектепте білім беру сапасын көтеру, оқушылардың оқу мазмұнын саналы ұғынуы мен заман жетістігі – пәндерді байланыстыру технологияларын өз оқу іс-әрекетінде еркін пайдалану жөніндегі білік-дағдыларды игеруі негізгі талаптардың бірі болып отыр. Осы тұрғыдан өз зерттеуімізді білім беруді жетілдіру мәселесіне арнай отырып, жүргізген жұмыстар барысында биология пәнін басқа пәндермен байланыстыру негізінде оқытудың талабы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттегі қағидаларды теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.

Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздеу болып отыр. Ақпараттық технологиялар-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асыратын құрал-компьютер. Осы арқылы болашақ маман бойында ақпараттық технологиялар көмегімен өздігінен ақпарат іздеу, жинақтау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау, сақтау операцияларын жүзеге асыру біліктерін қалыптастыру көзделеді.

Сонымен қатар зерттеу жұмысының нәтижесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың деректері арқылы педагогикалық оқу орындарында биология пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесінің тиімділігі дәлелденіп, оның көрсеткіштері берілді. Эксперимент барысында оқушылардың биология сабағында ақпараттық технологияны пайдаланып пәнаралық байланыста сабақты өткізу арқылы мақсатқа жету үшін мынадай жұмыстар жүргізілді:

1. Оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы білімді жақсы меңгергендігін сабақта және зертханалық сабақтарда ізденімпаздық іскерліктерін қалыптастыру.

2. Оқу бағдарламалары, оқулықтар және әдебиеттердегі мәліметтерге негізделіп, пәнаралық байланыста оқытудың эксперименттердің әдістемелік нұсқаулары әзірленді. Әдістемелік нұсқауларды сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда қолданудың тиімді жолдары анықталды.

3. Пәнаралық байланыста оқыту бойынша тәжірибелер жасап, тапсырмалар орындау нәтижесінде оқушылардың теориялық білімін практикалық іс - әрекетпен ұштастырыра білдік. Сонымен, эксперимент барысында алынған нәтижелер педагогикалық оқу орындарында биология пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытуда оқушылардың теориялық білімді саналы меңгеруіне, дербестігі мен танымдық белсенділігінің артуына, қолайлы әсер етеді деген болжамның дұрыстығын дәлелдеуге, оқу үрдісін байланыстыра оқытудың әдістемелік жүйесін енгізудің керектігін, оның тиімділігін дәлелдейді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасындағы Президенті мен Қазақстан Республикасы Астана, 2004.-4-38 б.\\ Егемен Қазақстан 2004 ж. 16 қазан №258(23893).

  2. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы: Комплекс, 2004 – 218 б.

  3. Левина М.М. Процесс обучения на уроке: учебное пособие. М.: МГПИ, 1976. – 80с.

  4. Кулюткин Ю.Н. Эвристические методы в структуре решений. – М.: Педагогика, 1970. - 231 с.

  5. Дайри Н.Г. О сущности самостоятельной работы // Народное образование. - 1963. - №5. - С. 29-34.

  6. Аймағамбетова Қ.А. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед.ғыл.докт.дис. – Алматы, 1998. - 322 б.

  7. Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы: «Білім», 2003. - 320 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет