Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану



бет22/25
Дата25.12.2023
өлшемі60 Kb.
#199170
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
2 5458366089857608822

Топырақтың ластануы
Топырақ шектен тыс пайдалану мен ластануға ұшырайтын ресурстардың бірі. Құнарлы топырақтың ауданының азаюының негізгі себебі - ауыл шаруашылықтың жетілмеуі. Жыртылған жердің құнарлы қабаты жауын-шашынмен немесе өзендермен (сулы эрозия) немесе желмен шайылады. Шамадан тыс суғару, әсіресе ыстық климаттарда топырақтың тұздануын тудырады. Бұл да ауылшаруашылық айналымынан түсудің бір себебі.
(224-сөз)

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қоршаған орта және оның ластануына не себеп ?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.


Төменде берілген мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Жаһандану және қазақ менталитеті
Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Мұндай қарқынды және жұйелі зерттеулер әсіресе 21 ғасрда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде. Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекет аралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және құқықтық иституттар құруды жаһандану үрдісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда.Кейбір ғалымдардың пікірінше жаһанданудың мәдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтауыш күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша, «мәдениет- биосфера тәрізді құрылымдықтың генераторы, осынысымен ол адамдар айналасындағы әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі. Жаһанданудың сценарийі американдық үлгіде жүруде. Ол жаһанданудың базисі, доминанты ретінде, оның салдарынан бұрын басты себебіне, детерминанттық күшіне айналып үлгерген.
Қытай,Ресей,Иран,Үнді, Туркия елдері жаһандану үрдісінің негізінде жергілікті аймақтардың мәдениеті мен тұрмыс -салтының ерекшелігі жату қажеттігін көрсетіп отыр.
Бұдан шығар қорытынды, американдық мәдениетіне негізделген жаһанданудың әмбебаптық үлгісі ешкімді қанағаттандырмайтындығы оған деген қарсылықтың үдей түсуі.(264 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет