82
микротүтікше жəне микрокапилярлар көмегімен ұрықтанған
ооциттің (жұмыртқа жасушаның) пронуклеусіне енгізу əдісі кең
қолданылады
(12-сурет). Трансгеноз əдісі арқылы трансгенді
тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі тышқан
ооциттері цитоплазмасының мөлдір болуы саналады. Басқа
жануарлардың, соның ішінде
малдың ооциттері мөлдір емес,
сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу өте
күрделі жəне қиын іс. Осыған қарамай, соңғы кезде əртүрлі
əдістемелік жəне техникалық жетілдірулер
арқасында транс-
генді қой, сиыр, шошқа жəне қоян алу іске асты.
Достарыңызбен бөлісу: