Биотехнология негіздері


 Жануарларды клондау технологиясы



бет41/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

3.3.3. Жануарларды клондау технологиясы 
Биотехнологияның iрi жетiстiгi – эмбриондарды трансплан-
тациялау əдiстерiн əзiрлеу, бұның мəнi- жоғары өнiмдi ірі қара
малдардың, мысалы, сиырдың эмбрионын əдеттегiдей салады
да, өзiнiң жоғары тектi енесiнiң белгiлерi мұраланған бұзауды
алады. Табынның құрылымын жетiлдiру үшiн үлкен жетістіктері
бар клеткалық деңгейде жынысты айқындау жəне басқару əдiсi
əзiрленген.
Клондау əдісі. Сомалық жасушаның ядросы осы организм
туралы толық генетикалық ақпаратқа ие екендiгi белгiлi, егер
бұл ақпаратты iске асыру үшiн барлық жағдайлар жасалса, онда
жекелеген тұқымның генетикалық көшiрмелерiнiң (клондары-
ның) шексiз санын алуға болады. Көп сомалық жасушалар
ядролары дифференцияланған жіктелген қалыпта болғандықтан,
алғашқы кезеңде бұл мəселенi олардың дифференциациясы
өтпеген ұрық дамуының белгiлi бiр сатысында эмбрионалдық
жасушаларды пайдалана отырып шешкен. Ядроларды толған
бластомерлердi ооциттерге көшiру ондай мүмкiндiктi бередi,
өйткенi ооциттердiң цитоплазмасы көшiрiлген ядроны қайта
бағдарламалап, жаңа эмбрион дамуының бағдарламасын
жiберуге қабiлеттi өзiндiк факторларды құрайды.

Энуклеирленген аналық жасушаларға эмбриондық жасуша-
лардың ядроларын көшiру жолымен эмбриондарды клондау.
Эмбриондық жасушалардың ядроларын энуклеирленген (ядросыз)
аналық жасушаларға көшiргеннен кейiн ядро қайта бағдарла-
нады да жаңа эмбрион дами бастайды. Теориялық түрде донор-
дың эмбрионынан барлық бластомерлерi бiр генетикалық
негiзде жəне бiрдей тұқымдардың дамуын қамтамасыз етуде
қабiлеттi болады. Ядроларды көшiргеннен кейiн дамыған
эмбриондар өз кезегiнде ядролардың донорлары ретiнде пайда-
ланылуы мүмкiн. Бiрнеше генерациялардан кейiн жүздеген жəне
мыңдаған бiрдей эмбриондарды алу мүмкiндігі туады.



81
Энуклеирленген аналық клеткаларға сомалық жасушалар-


дың ядроларын көшiру жолымен жануарларды клондау. Тоти-
потенттiк жасушалардың ядролары эмбрионнан энуклеирленген
аналық жасушаларға көшiру жолымен эмбриондарды клондау-
дан жинақталған тəжiрибе сомалық жасушалардың ядроларын
энуклеирленген аналық жасушаларға көшiру жолымен жануар-
ларды клондау əдiсiн əзiрлеу үшiн негiз болған. Эмбриондық
жасушалардың ядроларын көшiру жолымен клондаудың қағида-
лық айырмашылығы тек өзара бiрдей жануарларды алуды ғана
емес, сондай генотип бойынша донор жануармен ұқсас сомалық
жасушаларды алуды қамтамасыз етуiнде. Бұл генетикалық ұқсас
ұрпақтардың бiрiншi буында шексiз санын алуға мүмкiндiк
ашады. Осы əдісті пайдаланып, алғаш рет 1997 жылы «Долли»
атты деген қойды клондады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет