Биотехнология негіздері


 Эмбриоинженерия. Бағаналы жасушаларды



бет40/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

3.3.2. Эмбриоинженерия. Бағаналы жасушаларды 
in vitro өсіру технологиялары 
Жануарлар биотехнологиясының қарқынды дами бара жатқан
бағыттардың бірі эмбриоинженерия болып саналады. Эмбриоин-
женерия – эмбрионға əрекет жасау, яғни бағаналы жасушаларды,
əсіресе, эмбрионалды бағаналы жасушаларды алып, оны өсіре
алса көптеген ауруларды емдеуге болатындығы байқалды.
Эмбрионалды бағаналы жасушалар гемопоэтикалық жəне
стромалық жасушаларға бастама беретін ең алғаш бағаналы
жасушалар болып табылады. Гемопоэтикалық жəне стромалық
бағаналы жасушалар организмді құрайтын барлық ұлпалардың
жасушаларының түзілуіне бастама болады. Сондықтан бағаналы
жасушаларды плюропотентті деп атайды. Организм дамуының
7 тəулік аралығында қалыптасқан оншақты бластомерадан
тұратын бластула (ең алғаш эмбрион) құрамына эмбрионалды
бағаналы жасушалар кіреді (қосымша, сурет-2).
Эмбрионалды бағаналы жасушалар маманданбай өте жылдам
өседі, оларды ересек организмге енгізгенде көп жағдайда ісік
жасушаларына айналу мүмкін. Эмбрионалды бағаналы жасуша-
ларды алу өте күрделі процесс. Эмбрионалды бағаналы жасуша-
ларды алуға қарағанда оларды белгілі бір бағытта мамандану,
яғни белгілі бір ауру түрін емдеуге қажет жасушалар алу үдерісі
қиынға соғады. Стромалық бағаналы жасушаларды төмен тем-
пературада криосақтау əдіс арқылы сақтап, кейіннен оларды
белгілі бір жағдайда сырқатты емдеуге қолдануға болады.
Медицина-биологиялық практикада стромалық бағаналы жасу-
шаларды жілік майынан алу əдістері жақсы дамыған.
Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды бала туылысымен
оның кіндік қанынан алып криобанкте сақтау ұсынылуда.
Негізінде гемопоэтикалық бағаналы жасушалар жілік майында
көп мөлшерде синтезделеді, ал перифериялық қанда гемопоэти-
калық бағаналы жасушалар өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы




80
айтқанда, барлық бағаналы жасушалар клеткалық терапияда


косметология, медицина салаларында қолдануда. Қазіргі таңда
бағаналы жасушаларды аутоиммундық ауруларды, дерматоло-
гиялық, эндокриндық, онкологиялық жəне жүрек ауруларды
емдеу үшін кең пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет