Сомаклондық өзгергіштік (гр.soma - дене, clon - ұрпақ, бутақ,
ор.сомаклональная изменчивость, ағ.somaclone variability) - өсімдік
жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының тұрақты
еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосо-
маның, геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен
айқындалады.
Сомалық будандастыру (гр. soma-дене, para-маңында, жанында,
фр.sexe-жыныс, ор.соматическая (парасексуальная) гибридизация, ағ.
somatic hіbridization) - будандастырудың жыныстық шағылыстыру
жолынан басқа жолы. Бұндай жағдайда ата-аналық жасушалар ретінде
оқшауланған сомалық протопластарды пайдаланады; қосылған
протопластардан кейіннен регенерация арқылы будан, тұтас өсімдіктер
пайда болады, өседі.
Сомалық эмбриогенез(гр.embryon-ұрық, genesis-шығу тегі,
ор.соматический эмбриогенез, ағ. somatic embryogenesis) - ұлпаларды
жəне жасушаларды қоректік ортада өсіргенде ұрық тəрізді құрылым-
дардың түзілу процесі, табиғи жағдайдағы ұрықтың дамуына өте ұқсас
болады.
Тотипотентік (лат.totus-барлығы, тұтас, potentia-күш, ор. тотипо-
тентность, ағ. totipotence) – өсімдіктердің сомалық жасушаларының
өсуге қабіліттілігін толық көрсете алуы, яғни ядродағы генетикалық
информация негізінде организм түзу мүмкіндігін іске асыруы.
Транспозондар(жылжымалы генетикалық элементтер) (лат.
transpositio – орын аустыру, ор.транспозоны (мобильные генетические
элементы), ағ.transposon) - құрылымы жəне генетикасы жағынан жеке
ДНҚ бөлшектері (фрагменттері); жасуша геномындағы орнын ауыс-
тыруға қабілетті.