115
Плазмида (ор.плазмида, ағ.plasmid) – бактерияларда хромосомадан
бөлек кездесетін, өздегінен репликациялана алатын, кішігірім сақина
тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация (лат.proles – бұын, ұрпақ,fero-алып жүремін),
ор.пролиферация, ағ.proliferation – бастапқы бар клеткалардың көбеюі
арқылы жасушалар мен ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт (
гр.protos–бірінші, алғашқы, plastos - жасалған,
ор.
протопласт,
ағ.protoplast) – өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың
жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе механикалық əдістермен
қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Регенерант (
лат.regeneratio-жаңғыру, қайта басталу,
ор. регенерант,
ағ. regenerated plant) – in vitro жағдайында қоректік ортада өсімдік
жасушалары мен ұлпаларын өсіргенде пайда болған өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: