Биотехнология


молекуласының копиялары (көшірмесі) бар



Pdf көрінісі
бет22/118
Дата10.10.2022
өлшемі16,47 Mb.
#152440
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118
Байланысты:
b2037

молекуласының копиялары (көшірмесі) бар
11-сурет. Рекомбинанттық ДНҚ алу технологиясының кезендері
(Оепошез. Оагіапё Зсіепсе, 2007)
ж асауға
алынған
инсулин, рекомбинанттық интерферон, гепатитке қарсы екпелер) 
дүние жүзінде ғылыми ортада және тұтынушылардың түрақты 
сүранысымен белгілі. ГМ-өнімдердің алғашқыларының бірі инсу­
лин болды - рекомбинанттық ДНҚ-технологиясы арқылы бакте- 
рияның ДНҚ-сына инсулинның синтезіне жауапты ген енгізілді. 
Әлемде барлық инсулин препаратты рекомбинантты бактерия-
лардан өнеркәсіптік тәсілмен алады.
ғалымдар
қажетті ақуыздарды бактериялар көмегімен алуға л 
яін айқындап, пайдалы сапаларға ие трансгендік
аиналыса
раттарды өндіру трансгендік
39


діктер арқылы да алуға болады. Ғылыми әзірлемелердің басқа 
бағыты - ауруларға қарсы жоғары тұрақтылыққа не баска да 
пайдалы қасиеттерге ие жануарлар мен өсімдіктерді шығару.
Биоинженерия жолымен алынған дәрі-дәрмек препараттары 
(атап айтқанда, инсулин, рекомбинанттық интерферон, гепатитке 
қарсы екпелер) дүниежүзінде ғылыми ортада және түтынушылар- 
дың тұрақты сұранысымен белгілі. Ең алдымен адам мен жануар­
лар ақуызының негізіндегі гендік-инженерлік дәрі-дәрмек препа­
раттары кобіне, тек биотехнологияның көмегімен ғана алынуы 
мүмкін және олар ауыр науқастарды емдеу кезінде айырбастал- 
майтын теңдесі жоқ болып табылады. Мысалы, проурокиназалар
- тромболитиканың төртінші шығарылған жаңа түрін пайдалану 
миокард инфаркттен өлуді бес есеге азайтады. Лактоферринді 
пайдалану «жасанды тамақтандырылған» балалардың гастроэн- 
териттермен ауруын 10 есеге азайтады. Қазіргі уақытта әлемде 
143 гендік-инженерлік дәрі-дәрмек субстанцияларын өндіруге 
рұқсат берілді және 26-сы рұқсат алу кезеңінде. Сарапшылардың 
болжамы бойынша 10 жылдан кейін гендік-инженерлік өнімдер 
әлемдік фармацевтиканың 15 пайызын өзіне алады, 20 жылдан 
кейін барлық бүгінгі дәрі-дәрмек құралдарының ең кемінде жар- 
тысын алмастырады. Бірақ, мысалы «Огеепреасе» экологиялық 
ұйымы генетикалық модификацияланған өсімдіктерді азық-түлік 
және жем мақсатында пайдалануға тыйым салуды ұсынады, өйт- 
кені бұл өнімдердің ұзақ тұтыну жағдайында адам табиғатына 
қандай әсерін тигізетіні әлі белгісіз. Бір қатар елдер ГМ (генетика- 
льщ модифицикацияланған) құрамдары бар өнімдерді таңбалауға 
қатаң талаптар қояды.
2006 жылы «Гендік инженерия қызмеггі мемлекеттік реттеу 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Осы заң тірі 
өзгертілген организмдер мен генетикалық түрлендірілген объекті- 
лерді жасау, сынау, тұйықталған жүйелерде және ашық жүйелер- 
де пайдалану, қоршаған ортаға шығару, шекаралық орнын ауыс- 
тыру, қолдану және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынас- 
тарды ретгейді. Бұл заңда гендік инженерия қызметті мемлекеттік 
бақылау және генді-инженерлік қызметті жүзеге асыру қойыла- 
тын жалпы талаптар көрсетілген. Түрі өзгертілген организмдер, 
генетикалық түрлендірілген нысаналарды мемлекеттік тіркеуден 
өткізіп, талдау жүргізіп содан кейін техникалық және басқа сала- 
ларында қолданысқа рұқсат беріледі.
Биоинженерия негізіндегі биотехнологияның негізгі мәні -
40


тірі организмдерді жетщціру және жетщцірген қасиеттерге ие және 
табиғатта аналогы жоқ жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды 
алу. Биоинженерия негізіндегі биотехнология:
- денсаулық сақтау мен фармацевтикада (диагностикумдар- 
дың жаңа ұрпагын, рекомбинанттық ақуыздар, ферменттер, гор- 
мондар негізінде дәрі-дәрмек препараттарды жасау);
- өнеркәсіптің әртүрлі салаларында (өнеркәсіптік жүйені қар- 
қындату үшін биокатализаторларды, модифицикацияланған 
ферменттерді, рекомбинанттық микроорганизмдерді жасау);
- ауылшаруашылығында (жетілген қасиеттермен және жоғары 
өнімділігімен трансгендік өсімдіктер мен жануарларды жасау, ген- 
дік-инженерлік өсім реттеуіштерін, биотыңайтқыштарды пайда-
лану);
- қоршаган ортаны қорғауда қолданылады (қалдықтарды пай- 
даға асыру, ксенобиотиктердің биодеградациясы, суды тазалау, 
ауыл шаруашылық қалдықтарынан, сабан, көн тагы басқа заттар- 
дан, жанғыш биогазды алу, микроорганизмдердің қатысуымен 
төгілген мүнай мен мүнай өнімдерінен ортаны, микробтардың кө- 
мегімен ағынды суды ауыр металдардың иондарынан тазарту),
Өндірудің басталуын екі-үш жылдан кейін күтуге болатын адам 
геномының мағынасын ашу, таяу арада адамның жаңа реттеуіш 
ақуыздарының ашылып және олардың негізінде жаңа дәрі-дәрмек 
препараттары жасалынады деп болжам жасауға мүмкіндік берді. 
Адам геномын білу медицина үшін өте маңызды. Қазіргі кезде 
адам генетикасын зерттеуге деген көзқарас бүрынғыдан да артып
отыр.
Түқым қуалайтын аурулар ДНҚ қүрамындағы геннің өзгерісін 
тудыратын мутацияга байланысты болады. Ал, басқа аурулар, 
әдетте, геннің қүрылымынан емес, оның экспрессиясы реттелуінің 
бүзылуының нәтижесінде түзеледі. Гендік ауруларға — ДНҚ-ның 
ген деңгейінде бүзылуы нәтижесінде пайда болатын түқымқуа- 
лайтын аурулардың үлкен бір тобы жатады. Популяциядағы гендік 
аурулардың жалпы жиілігі 1-2% қүрайды. Адамдардың геномын- 
да 1112 «гендер ауырулары», оның ішінде 94 «қүрама» гендер,
ісік тудыратын гендер бар.
2005 жылдың наурыз айында адамдарда 24000 ақуызды кодта-
латын гендер («Адам геномы» жобасы бойынша) анықталган. 
Оның ішінде 1700 гендердің экспрессиясы ауру тудырады. Осы 
1700 гендер арасынан 14500 мутация (орташа 26 ген) гендермен 
тіркескен сырқаттар табылған, ал қалған 10.000.000 мутация анық-
41


талмаған. Бұл зерттеулер геномика ғылымы және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет