13-сурет. Иммобилденген жасушаларды алу тәсілдері
(Уэлиханова Г.Ж., 2001 ж.)
3) оқшау заттың беткі қабатына жасушаларды биологиялық
макромолекулалармен (лектиндермен) «тігумен» (
ІЗв-сурет
);
4) ферменттерді және жасушаларды коваленттік байланыстар
арқьілы оқшау субстратқа орналыстырумен (мысалы, карбокси-
метилцеллюллозаға-КМЦ)
иммобшідеуге болады
(1 Зг-сурет)^
Биологиялық жағынан оқшау затқа бекіген ферменттер мен
жасушалар өз өміршеңдігін сақтайды. Бекіген жасушалар төңіре-
гінде қоректік орта көп мөлшерде жүріп түрады, оның құрамын
өзгертіп, өсу каркындылығын бәсендетіп, қосымша заттарды
көбірек алуға болады.
Қазіргі кезде ферменттер иммобилденуінен қажетті фермент-
терді синтездейтін микроорганизмдерді полимерлерге түрақтан-
дыру жүзеге асты. Яғни бактериялардың бірнеше есе үзақ жүмы-
сы мен өндірістік шығындар едәуір төмендегендей болды.
Криосақтау әдісі
Жоғары өнімділігі бар өсімдіктердің жаңа
сорттарын, жануарлардың асыл түқымдарын, микроорганизмдер-
дің жаңа штамм-продуценгтерін шығару үшін және ескі селекция-
лык формаларды жақсарту үшін әр алуан бағалы генетикалык ма-
4-559
49
ларды, мүшелерді қатты мүздатып сақтау медицина мен мал ша-
руашылығында кеңінен пайдаланылады. Ал өсімдіктерге келсек,
өкіншіке орай, жағдай басқаша. Басты қиындығы, ол өсімдік жа-
сушаларына тән ерекшеліктері және мүздың оларға әсері. Өсімдік
жасушалары көлемі үлкен, вакуолі зор, суы көп болғандықтан
мүздату және еріту кезеңдерінде олар қатты зақымданады. Ол
мүздың жасуша ішінде де, сыртында да қатуына байланысты.
Температура баяу төмендесе, жасушаның бос суы жарым-жар-
тылай сыртқа шығып үлгіреді де, сыртқы ерітіндіде мүзға айна-
лады. Ал мүздату өте жедел өтсе, жасушанын дегидратациясы
жүріп үлгірмейді де, мүз цитоплазма ішінде түзіле бастайды.
Мүндай қиыншылықтарды жеңу үшін жасушаларды мүздатып
сақтағанда арнайы қорғаныш заттарды (криопротекторларды) пай
даланады.
Криопротектор -
жасушаның мүздап қату нүктесін
төмендетіп, жасуша ішіндегі сумен байланысып, жасушаны ме-
ханикалық және осмостық бүлінуден қорғайтын зат. Криопро-
текторларға диметилсульфоксид (ДМСО), глицерин, пролин, са
хароза жатады. Сахароза жақсы табиғи протекторы. Криопро-
текторлардыц өздері осмостық стресске себепкер болмаулары
үшін, олардың концентрациялары жеке іріктеліп алынады. Бірқа-
тар клеткалық суспензияларын нәтижелі қорғау үшін, криопро-
текторлардың қоспаларын және криопротекторлар мен осмотик-
тер (сорбит, маннит) қоспаларының әр түрлі концентрациясын
паидалану кажет.
Мүздату баяу, бірте-бірте, жылдам, өте тез, лезде өткізіледі.
Баяу біртіндеп мүздатқанда температура 0°С-тан - 40°С арасында
минутына 0,5°С- 1°С төмендейді. Жылдам мүздатқанда нысана
криопротектор қосылған ампуласымен шапшаң сүйық азотқа са-
лынады. Ал өте тез мүздатқанда нысаның өзі сүйық азотқа лезде
салынады.
Криобанктегі нысаналарды көп мөлшерде және үзақ мерзім-
де сақтағанда бағдарламалы мүздатуды қолданылады. Бүл үшін
арнаулы қондырғыш қажет, оның камерасына бағдарламаланған
жылдамдықпен сүйық азоттың буы беріліп түрады (
14А-сурет
).
Басқа түрлі мүздатқышта жасушалар балқу температурасы төмен
сүйық зат қүйылған камераға салынады. Ол камера электрмүздат-
қышпен суытылып түрады. Оның температурасы бағдарлама бой-
ынша реттеліп түрады. Ең қарапайым аспаптар, ол Дьюар ыдыс-
тары (
14В-сурет
) және пенопластан жасалған қораптар.
Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтында ака-
Достарыңызбен бөлісу: