Биотехнология


Клеткалық биотехнология — Мемлекеттік білім беру стандарты боиын-



Pdf көрінісі
бет3/118
Дата10.10.2022
өлшемі16,47 Mb.
#152440
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
b2037

1 Клеткалық биотехнология — Мемлекеттік білім беру стандарты боиын-
ша «Клеткалық биотехнология» міндетті базалық пән болғандықтан, оның
аталуы өзгертілмеген түрде келтірілген. Негізінде «клетка» деген терминнің
аудармасы - «жасуша» деп аталады.
3


логия ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарыньщ бірі 
болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар сала- 
сындағы генетикалық және жасушалық инженериядағы осы за- 
мандағы жетістіктердің негізінде, адамдардың өмір сүру деңгейін 
көтеру үшін мақсатты түрде жасалған тірі жүйелердің (ең алды- 
мен микроорганизмдердің) барлық мүмкіндіктерін пайдалануға 
болады. Биотехнологиялық өнімнің көмегімен жақын болашақта 
және стратегиялық түрғыда да өндірістік-технологиялық, эколо- 
гиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешілуде.
Жасушалық және гендік инженерия өсімдіктердің жаңа сорт- 
тары мен асыл мал түқымдарын шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі 
уақытга гендік инженерия дәрі-дәрмек препараттарын өндіруде 
биотехнологиялық фарминдустрияда жетекші сектор болып та­
былады. Биотехнологиялық, биохимиялық және микробиология- 
лық әдістерді өнеркәсіпте қолданьш, адамға қажетті өнімдерді 
(мысалы, биологиялық белсенді заттар, антибиотиктер, витамин- 
дер, гликозидтер, интерферондар, моноклондық антиденелер, т.б.) 
алуға болады. Биотехнологиялық әдістермен өндірілген фарма- 
цевтикалық өнімдер әлемдік бағыттағы биотехнологиялық нарық- 
тың жартысына жуығын қүрайды. Оларға емдеу, диагностикалық 
препараттар, вакциналар, емдік сарысулар, анатоксиндер, имму- 
ноглобулиндер, бактериофагтар, нормофлора дәрі-дәрмектер, 
аллерген диагностикумдар, профилаюгикалық қүралдардың бәрі 
жатады. Мысалы, XXI ғасырда Ресейде иммунобиологиялық пре­
параттар дың 300 атауы сатып алынады және 500-ге жуық атауы 
өндіріледі. Ал Қазақстанда фармацевтикалық дәрілік өнімдердің 
550 атауы басқа мемлекеттерден алынады және тек қана 150-ге 
жуық атауы өндіріледі.
Клеткалық биотехнологиялар ауылшаруашылық дакылдардың 
өнімділігін арттыруда 
(іп 
уііго
жағдайындағы жасушалардың не- 
гізінде өнімділігі жоғары, абиотикалық және биотикалық фактор- 
ларға төзімді өсімдіктерді сұрыптау, асыл түқымды жануарларды 
сүрыптау, биоинсектицидтер мен биотыңайтқыштарды алуға бо­
лады). Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру үшін (аминқыш- 
қылдар, органикалық қышқылдарды, ферменттерді алу) бактерия- 
лар мен ашытқыларды және балдырларды кең масштабта өсіреді.
Қоршаған органы (ағын суларды тазарту, қалдықтар мен ауыл- 
шаруашылығы және өнеркәсіп орындарының қосымша өнімдерін 
қайта өңдеу) қорғау және тазалауда биотехнологиялық үдеріс- 
терді кеңінен қолданылады. Жоғарыда келтірілген экологиялық
4


жағдайларға қатысты мәселелермен биотехнологияның экология- 
лык биотехнология саласы айналысады.
Дүниежүзінде тек ғылыми-зерттеу зертханаларымен куатгы 
өндірістік базаның өзара әрекеттесетін кешендері сыртқы нарыққа 
сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіреді. Біріккен Үлт- 
тар Үйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша бола- 
шақта биотехнология өзінің барлық қызмет салаларында және ең 
бірінші кезекте азық-түлік өнімдерін, медициналық препараттар- 
ды алуда, ауыл шаруашылығында, экология, энергетика салала­
рында адамзаттың өмірінің дұрыс дамуын анықтайтын болады.
Соңғы жылдары биологияда болған өзгерістер биотехнология- 
ның дамуында қағидалы жаңа жетістіктерді ашты, өндірісте биоло- 
гиялық процестерді колдану шектерін кеңейтгі және «осы заман- 
ғы биотехнология» деген жалпы атауымен біріктірілген жаңа ба- 
ғыттардың пайда болуына алып келді.
«Клеткалық биотехнология» оқулығының 
мақсаты
- оқыр- 
мандарды клеткалық биотехнологияның теориялық және практи- 
калық негіздерін бірдей игеруіне ынталандыру болып табылады. 
Үсьгаылып отырған оқулықтың ерекшелігі - клеткалық биотех- 
нологияның негізгі салаларына толық сипаттаманы беру болып 
табылады. Сонымен қатар, өсірілетін жасушалардың физиологи- 
ялық-биохимиялық ерешеліктеріне негізделген биотехнологияда 
қолданылатын жаңа әдістермен технологиялар көрсетіледі.
Оқулықта биотехнологиялық өндірістің негізгі принциптеріне 
шолу жасалынып, әртүлі қосылыстарды (тағам өнімдерін, дәрі- 
дәрмектерді, биологиялық белсенді заттарды) алуда биохимия- 
лык синтездің қолданылу мысалдары келтіріледі. Биотехнология- 
лык үдерістерді ұйымдастыру мәселелері өндіріс өнімдерінің са- 
пасьш тексеру және клеткалық биотехнологияның экологиялық 
мәселелері баяндалады.
Оқулық мазмұны - оқырмандар назарына, биологияның көпте- 
ген салаларына негізделген, заманауи клеткалық биотехнология- 
ньщ әртүрлі бағыттарының қолданылуы мен жетістіктерін кеңінен 
таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет