лық және физиологиялық үдерістерге, сол кезде шығатын қуатқа,
өнімдердің жаратылуына, ұйымдастырылған қүрылымдардың
қалыптасуына сүйенеді.
Биотехнология алғаш рет б.з.д. 5000-6000 ж., яғни адамдар ең
алғаш нан пісіріп, сыра ашытып, шарап дайындап үйренген кезден
бастап пайда болған. Л.Пастер XIX ғасырда ашу үдерісінің таби-
ғатын ашқанға дейін эмперикалық ғылым болып келді. Бүл био-
технологияның дамуындағы екінші кезеңнің басталуы, яғни көпте-
ген ферменттердің ашылуы, микроорганизмдерді арнайы өсіру,
микробиологиялық синтездің биохимиясын анықтау және т.б.
Биотехнологияның даму тарихын қарастырғанда 1866 ж. бастап
1983 ж. дейін жалпы биотехнологияның даму кезендері клеткалық
биотехнологияның дамуына сәйкес келетіндігі байқалынады, себе-
бі бүл кезде әртүрлі зерттеулер жасуша деңгейінде жүргізілді.
[^Голланд ғалымы Е. Хаувинк биотехнологияның пайда болуы
мен даму тарихының 5 ғылыми кезеңін ажыратқан. Олар:
1 кезең (1865 ж.) - Пастер гасырына дейінгі кезең -
сыра,
шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алгандағы
спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану, сірке қышқы-
лын және ферментативті өнімдерді алу.
2 кезең (1866-1940 ж.) - Пастер гасырлық кезеңі
- этанол,
бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакцина-
ларды, сондай-ақ көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру,
канализациялық суды аэробты тазалау.
3 кезең (1940-1960 ж.) - антибиотиктер өндіру кезеңі
- те-
реңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа анти-
биотиктерді, вирустық вакциналарды алу, өсімдік жасушаларын
Достарыңызбен бөлісу: