Биотехнология



бет2/7
Дата20.12.2023
өлшемі4,92 Mb.
#197821
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Биотехнология 1охт

Aртықшылықтары

  • Физика-химиялық әдiстермен салыстырғанда биотехнологиялық әдiстердiң бiрнеше артықшылықтары: өңдеудiң экологиялық қауiпсiздiгi, пайдаға асырудың соңғы өнiмдерiнiң қоршаған орта үшiн зиянсыздығы, әртүрлi ластауыштарға қатысты жоғары бейiмдiлiк пен ерекшелiк, оңтайлы еңбек көлемi және жұмыстар құны, қайта өңделетiн топырақтардың табиғи қалпы мен құнарлығын сақтау.

Биотехнология

Биотехнологиялық процестің негізгі аппаратуралық элементі биореактор – ферментер болып табылады.

Биореакторлар 3 топқа бөлінеді:

  • механикалық араластырғышы бар реактор
  • ішкі және сыртқы циркуляциясы бар эрлифтты реактор

Биотехнологияның қолданылатын аумағы

  • энергия көзі (күн сәулесі –энергия биомассасы)
  • тамақ, шырындар (шарап,спирт,сүт қышқылды өнімдер, консервілеу және т.б.)
  • химиялық жолмен өңдеу және өнімді тазарту;
  • химиялық тұрмыстық өнімдер (желім, бояу, талшық, пигмент және т.б.);
  • химиялық өндірістерге арналған көміртегін құрайтын шикізат;
  • биосинтез процесі және деградация;
  • қоршаған ортаның жағдайын бақылау;
  • денсаулық сақтау (интерфарон өндірісі, моноклоналды, антител, датчиктер және т.б.);
  • аналитикалық химияға арналған аспаптар.
  • минеральды шикізатты өңдеу және шығарып алу және т.б.

Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.

  • Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
  • Микроорганизмдер – көптеген өзіндік өзгешелігімен сипатталатын, жасушаларында зат алмасу қарқынды түрде жүретін объект. Микробтың бір жасушасының өзі бір минутта 10-нан 100 мыңға дейін белок молекулаларын түзе алады. Бұндай өнімділікті қазіргі замандағы органикалық синтездің ешқайсысы көрсете алмайды. Көптеген микроорганизмдердің екі еселену уақыты 0,3-2 сағатқа созылады. Бұл ең өнімді көп беретін өсімдіктерден 500 еседей шапшаң, ал ең жақсы мал тұқымында ол 1000-5000 есе шапшаң өтеді.
  • Ерекше көңіл аударарлық жағдай – кейде жасушаның барлық биохимиялық белсенділігі өсу мен көбеюге бағытталмай адам үшін пайдалы бір затты түзуге ауысады және де бұндай мүмкіндікті қарқындатуға да жағдай туады. Бұған даму циклы кезінде биомассаның әрбір килограммына шаққанда 0,5кг пенициллин түзетін белгілі бір минуттар және де өздерінің тіршілігіндегі талабынан 100-200 есе артатын мөлшерде «В» дәруменін түзетін микроорганизмдер мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет