Тақпақ оқу «Жаз келді» Тұманбай Молдағалиев
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін кеңейту. Жаз мезгілінің келгенін айта отырып, жаз мезгілінде болатын табиғи құбылыстарды атай білуге баулу. Тақпақты жатқа айтуға үйрету.
|
Дене шынықтыру
Ұзындыққа секіру.
Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету..
|
Музыка
Тақырыбы: ««Төлдер»
Ертегілерді тыңдап ондағы сиқырлы дыбыстарды есте сақтауды, музыкалық
сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйрету.
|
Мүсіндеу
Тақырыбы:«Гүл»
Мақсаты: Түрлі – түсті ермексаздан әр түрлі геометриялық пішіндерді жасай отырып гүлді жасауға үйрету. Ұсақ қол маторикасын дамытып, ермексазды қолдануға деген қызығушылықтарын арттыру.
|
Серуенге дайындық:
|
9.25-10.00
|
Киіну: серуенге шығу.
|
Серуен
|
10.00-11.30
|
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Көшедегі көліктерді бақылау.
Мақсаты: Сыртына қарап көліктерді ажырата алуға үйрету. Көліктің басты бөліктерін атай білу, автобуста отыру ережесіне үйрету.
Ересектің көмегімен қарапайым еңбек тапсырмалары: ойын алаңындағы қарды бір шетке үйгізу
Мақсаты :қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.
Қимылды ойындар «Көліктер мен жолдар», «Жаяу жүргіншілер» (2-3рет қайталау);
Мақсаты: Жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету, автобусқа отыру ережелерін үйрету
Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар
Мақсаты: қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
|
Серуеннен оралу
|
11.30-12.00
|
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті
|
Түскі ас
|
12.00-12.30
|
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
|
Түскі ұйқы
|
12.30-15.10
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
|
15.10-15.30
|
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу :
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
|
Бесін ас
|
16.00-17.00
|
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
|
Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
|
Ойын:
«Танып ал да, атын ата»
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
|
|