Тефтели Құрамы: 50 грамм ет, 1 тілім ақ нан, жарты ас қасық сары май, 1 жұмыртқаның ақ уызы. Дайындау тәсілі: Етке (сиыр, бұзау, тауың, балық етінің табылғаны) суға салып жұмсартылған ақ нан қосылып, ет тартқышпен екі рет тартылады. Оған сары май салып езіледі де, тұздалып, жұмыртқаның ақ уызы құйылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады. Содан соң кішіректеу котлет формасына келтіріліп, табаға салынады. Үстіне сорпа құйылып, беті майланған қағазбен жабылады да, 1,5 сағаттан духовкаға қойылып пісіріледі. Тефтелиге гарнир ретінде картоп немесе сәбіз пюресі пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |