Бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады. Дауысты



Дата11.05.2022
өлшемі18,26 Kb.
#142193
түріҚұрамы
Байланысты:
срс9


  1. Буын түрлеріне түсінік беріп, мысал келтіріңіз.

Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.
Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.



  1. Абайдың екі шумақ өлеңін жазып, буынға бөліңіз, буын түрін көрсетіңіз.



Мен б.б. жаз б.б.-бай б.б.-мын б.б. ө а.б.-лең б.б.-ді а.б. ер а.б.-мек а.б ү а.б.-шін, б.б.
Жоқ б.б.-бар б.б.-ды а.б., ер а.б.-те а.б.-гі а.б.-ні а.б. тер б.б.-мек б.б. ү а.б.-шін. б.б.
Кө а.б.-кі а.б.-ре а.б.-гі а.б. се а.б.-зім б.б.-ді а.б., ті а.б.-лі а.б. о а.б. –рам б.б.-ды а.б.
Жаз б.б.-дым б.б.- үл т.б.-гі а.б. жас б.б.-тар б.б.-ға а.б. бер б.б.-мек б.б. ү а.б.-шін. б.б.
Бұл б.б. сөз б.б.-ді а.б. та а.б.-сыр б.б. ұқ а.б.-пас б.б., та а.б.-лап б.б.-ты а.б. ұ а.б. –ғар б.б.,
Кө а.б.-ңі а.б.-лі а.б.-нің б.б. кө а.б.-зі а.б. а а.б.-шық б.б., сер б.б.-гек б.б. ү а.б.-шін. б.б.

Буын мен тасымалдың ара қатысын қалай түсінетіңізді айтыңыз.
Сөздегі дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын бөлшегі буын деп аталады ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.
Қазақ тілінде үш түрлі буын ьар
Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстығааяқталады, нетек дауысты дыбыстан тұрады а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-лат.б.
2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.
3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ т.б.
Тасымал.
Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады.Мысалы,қа-лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға болады. Сөзде бірнеше буынболғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындарыкелесі жолға тасмалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасмалдауға болады ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру, хабарлан-дыру т.б.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар
Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.
Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптертұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.
Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.
Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.
Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет