Ӛтірік айтқан адам ӛз−ӛзін ұстап береді
Адамдар әртүрлі себептерге байланысты ӛтірік айтуы мүмкін. Жасалған зерттеулер
нәтижесінде балалардың ӛтірік айту себептерінің арасында кӛбінесе мына жағдайлар
алдыңғы орынға шығады: Мақтану, ӛзін жоғары кӛрсету, назар аударту, жеке бас пайдасын
ойлау, ұялу, тартыну, мазақ болудан қорқу, жазаға тартылудан қорқу, реніш туғызатын
нәрселерден қашу, дәрежесін жоғалту қаупі, ең маңыздысы үлкендерге және айналасындағы
басқа балаларға еліктеу.
Үлкендердің ӛтірік айту себептерінің арасында мыналар кездеседі: Бір пайданы
кӛздеу немесе зарардан құтылу, ӛштескен адамынан кек алу, дұшпанын жаман етіп
кӛрсетіп, ӛзін дұрыс етіп кӛрсету, ӛзін басқаларға қабылдата білу, ӛтірікті әдетке
айналдыру, жақсылық жасау ойымен ӛтірік айту.
Ӛтірік айтқан адам нәтижеде ӛз−ӛзін ұстап береді. Адам аузымен ӛтірік айтуы
мүмкін, бірақ денесімен айта алмайды, барлық денесін ӛтірікке бере алмайды, бұған ең
әдемі түрде жаратылған болмысы рұқсат етпейді. Сондықтан да сӛйлеген кезде шын
айтпаған адамның әрекеттерінен оның сӛздерінің ӛтірік екендігін байқауға болады .
1. Ӛтірік айтқан кезде адамдардың жасайтын ым−қимылдары азаяды. Негізінде қол
қимылдары сӛзді күшейту мақсатында жасалады. Адам кӛбінесе айтылған сӛздерінің мәнін
арттыру үшін жасаған қол қимылдарын ӛзі байқамайды. Адам сӛйлеген кезде қолын
бұлғағанын біледі, бірақ қолдарының шынында не істегенін білмейді.
Қолдарының бір нәрселер жасағанын білу, бірақ нақты не жасағанын білмеу адамды
күмәнға түсіреді, осылайша қолдың әрекеті азаяды. Бәлкім, адам ішіндегі қайшылыққа
байланысты қолының ӛзін ұстап беретінінен тартынып, қолын не қалтасына салады, не
үстіне отырады немесе бір қолымен екінші қолын ұстайды.
128
Тирмизи, Бирр, 26
71
2.
Ӛтірік айтқан адамның қолын бетіне апару және тигізу саны артады. Сӛйлесіп отырып адам
анда−санда қолын бетіне апарады. Алайда, адам шынайы болмаған кездесуде бұл қимыл
артады. Қолды бетке апару, бетті ұстау, ернін басу, ауызды жабу, мұрынға тигізу, кӛздің
астын қасу, құлақты тарту және шашпен ойнау. Ӛтірік айтқан кезде осы қиылдардың саны
артып, ауызды жабу және мұрынды ұстау қимылдары кӛбейе түседі.
Адам ӛтірік айтқан кезде неге аузын жабады? Мұны болжау аса қиын емес. Адам
аузынан шығатын сӛздерді ұстау және істегенін жасыруға мұқтаж. Қолдың ауызды жабуы
әр түрде болады. Саусақ еріннің үстінде барабан соғуы мүмкін, сұқ саусақ үстіңгі еріннің
үстінде тұруы мүмкін немесе қол ауыздың қасында тұруы мүмкін. Балалар ӛтірік айтқан
кезде қолдарымен ауыздарын жабады. Үлкендер үшін қолдың ауызға баруы адамның ӛтірік
айтқанын білдіретін жалғыз әрекет емес екені күмәнсіз. Адам айтып тұрған тақырыбында
сенімді болмаса, қателік жасаудан қорықса, уақыт ұттырғысы келсе де оның қолы аузының
айналасында болуы мүмкін. Сондықтан қолдың мұрынға баруы ауызды жабуға қарағанда
нақтыланған әрекет. Ауызды жабуға келген қол оның үстіндегі мұрынға барып, осылайша
символдық және стильді әрекет жасалған болады.
Ӛтірік айтқан немесе айтқанына сенімді емес адамның қолының мұрнына баруының
ең басты себебі − физиология. Ӛйткені, адам сӛйлеген кезде ішкі дүниесінде толқу пайда
болған адамның денесінде де бірқатар физиологиялық ӛзгерістер болады. Қан қысымының
кӛтерілуі, жүрек соғысының артуы, тер безінің жұмысының артуы сияқты ӛтірік айтқанда
пайда болатын физиологиялық ӛзгерістермен қатар мұрында бір қышу сезімі пайда болады.
Гольдонидің атақты ертегісінде ӛтірік айтқан Пиноккионың мұрнының ӛсуі себепсіз емес.
Жазушы ӛте маңызды бір шындықты анықтап, оны кӛркемдеп балалар әдебиетіне енгізген.
3.
Ӛтірік айтқан адамның дене қиымылы артады. Ӛтірік айтқан кезде сезілген ыңғайсыздық
және мазасыздық әсіресе отырған адамның жағдайына ӛзгеріс әкеліп, отырған орындығын
алға, артқа немесе оңға, солға қозталтуына себеп болады. Отырған жағдайда артатын дене
қимылдары теледидардағы ашық отырыс, сұхбат сияқты бағдарламаларда жиі байқалады.
Ӛтірік мәселесінде ӛте тәжірибелі болған саясаткерлердің ӛзі қиындық туғызған сұрақтар
қойылғанда отырған жерінде кӛп қимылдап кетеді.
4.
Ӛтірік айтқан адамның қол қимылдары азайып, қол бұлғауы арта түседі. Бәлкім, осылайша
адам қолын сілку арқылы сӛздеріне қатысты жауапкершіліктің ӛзіне тән еместігін білдіргісі
келетін шығар.
5.
Ӛтірік айтқан адамның беті қалыпты болуы мүмкін. Адамның бетінің қимылдарына қарап
оның ӛтірік айтып тұрғанын түсіну ӛте қиын. Бұл жерде ең маңызды белгі − кӛзін
алдындағы адамнан алып қашуы.
72
Айтылған себептеге байланысты бұл белгілерді ӛтірік айтудың нақты дәлелдері деп
емес, миымыздағы ой мен нағыз сезімдер мен сыртқы дүниеге шығатын сӛздердің
қайшылығы деп қабылдаған дұрыс. Бұл қайшылық анық бір ӛтірік болу мүмкін, сенімсіздік,
алаңдаушылық және күмән да болуы мүмкін
129
.
Достарыңызбен бөлісу: |