17
Бала үшін ата−анасы қадіріне
жетіп қолдана білсе жұмаққа, қадірін білмей бағалай
алмаса тозаққа баруына бір себепші. «Әке – жұмақтың ортаңғы есігі. Қаласаң бұл есікті
тастап кет, қаласаң сақта»
21
деген хадис те осы ақиқаттың белгісі.
Бәдиуззаман ұстаз да ата−анасы
немесе басқа туыстарына қарап, бағуға қиналған
адамдарға «Ей, күн кӛрісті уайым еткен адам! Бәлкім, сенің үйіңдегі берекенің тірегі,
рақымдылықтың кӛзі
және апаттардан қорғаушы, үйіңдегі сен жақтырмаған сол қарт
немесе соқыр туысың болар. «Асырай алмаймын» деуші болма. Ӛйткені, олардың жүзінен
келетін береке болмағанда, әрине сенің күн кӛрісің одан қиындайтын еді» деп, қарттардың
сол үй үшін бір береке кӛзі және несібенің артуына себеп болатынын айтады және
Рақымдылық пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Белі майысқан қарттарың
болмағанда бәлелер сендерге селдей құйылар еді»
22
деген сӛзімен мәселенің маңызын ашып
кӛрсетеді
23
.
Сондықтан да бала қандай жағдайда да ата−анасына қарауға күш салуы керек.
Ата−ана ӛмірлерінің соңғы кездерінде алжыса және аурудың себебінен ұнамсыз әрекеттер
жасаса да балалары тарапынан
ешқашан да айыпталмауы керек, керісінше әрдайым
сабырлылық, құрмет және сүйіспеншілік кӛрсетілуі қажет.
Ӛйткені, сол ата−ананың қартайған шағында бағып−қағуға мәжбүр болған баласы да
бір кездері соларға мұқтаж болды. Ата−анасы сол үшін ақылы толыспаған балалық шағында
астын тазалап,
қарнын тойдырып, түнде ең тәтті ұйқыда жатқан кезде ұйқыларын бӛліп
тұрып, оның жасаған барлық қылықтарына шыдаған. «Кім ӛмірінің ұзаруын және
несібесінің артуын қаласа ата−анасына жақсылық жасасын. Туыстарына барып,
олармен
байланысын үзбесін»
24
деген хадис ата−ананың бала үшін бір берекенің қайнары екенін
кӛрсетеді.
Ата−анаға жақсылық жасау − адамды күнәнің кірлерінен құтқаратын нәрсе.
Күнәларының ауырлығына шағымданған адамдар ата−аналарына жақсылық жасау арқылы
осы күнәларынан арылып, Аллаһтың құзырына таза жүрекпен бару мүмкіндігіне қол
жеткізе алады. Абдуллаһ Ибн Аббас айтқандай «Аллаһқа жақындап оның сүйген құлдары
арасына қосылу үшін анаға жақсылық жасау және соның
ризалығын алудан асқан
жақсылықты білмеймін»
25
.
Достарыңызбен бөлісу: