Райымбек Хангелдiұлы (1705 – өлген жылы белгiсiз)
|
Ұлы жүздiң албан руынан шыққан белгiлi батыр, жоңғарларға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.
|
Есет Көкiұлы (1667–1749)
|
Кiшi жүзден шыққан батыр, әскербасы. Қалмақтарға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.
|
Екiншi бөлiм. ХVIII ғасырдағы қазақ хандығы
§7–8. ХVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынасы
Коншин Николай Яковлевич (1864–1937)
|
белгілі орыс ғалымы, тарихшы әрі фольклоршы, Орыс география қоғамы Семей бөлімінің мүшесі. Ол Семей қаласында өлкетану мәселесімен айналысты.
|
Строгановтар
|
орыс көпестері, Ермактың Батыс Сібірге жасаған жорығында шешуші рөл атқарған. XVI ғасырда Оралда зауыттардың негізін қалаған. Строгановтар қазақтармен сауда-саттықты жандандырып отырған.
|
§9–10. Ресей империясының Қазақ хандығын қосып ала бастауы
Достарыңызбен бөлісу: |