Наурызбай батыр Қасымұлы (1822–1847)
|
сұлтан, батыр, Кенесары Қасымұлының туған бауыры және ең жақын серiгi.
|
Сыздық сұлтан (1837–1910)
|
Кенесары ханның ұлы. ХIХ ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткерi.
|
Иман Дулатұлы (1780–1847)
|
батыр, Ресей отаршылдарына қарсы шыққан көтерiлiс қайраткерi, Амангелдi Имановтың атасы
|
Бұқарбай Естекбайұлы (1822–1898)
|
батыр, шешен, Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысқан.
|
§27–28. Қазақтардың ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы Ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынасы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774–1860)
|
Кiшi жүздiң әлiм тайпасы шектi руынан шыққан белгiлi батыр әрi би. Қазақтардың патша үкiметiне, Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
|
Есет Көтiбарұлы (1807–1888)
|
Кiшi жүздiң белгiлi батыры. Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресей империясына қарсы бағытталған көтерiлiстердiң жетекшiсi.
|
§29–30. Ресей империясының Қазақстанды қосып алуының аяқталуы
Арынғазы Әбiлғазыұлы (1833 жылы қайтыс болған)
|
1816–1821 жылдары билiк еткен Кiшi жүз ханы. Арынғазы қазақтардың Орта Азия хандықтарының шабуылдарына қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырушы ретiнде белгiлi.
|
Бесiншi бөлiм. Қазақстан ресей империясының құрамында
Достарыңызбен бөлісу: |