§41–42. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы
Нұрекен (1799–1874)
|
Алтай таулы округіндегі ірі жер иесі, бай адам. Оның 12 мың жылқысы болған.
|
Алтыншы бөлiм. Қазақстанның ХiХ–ХХ ғасыр басындағы мәдениеті
§43–44. ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы
Дәулеткерей Шығайұлы (1820–1887)
|
сазгер-күйшi, Кiшi жүздiң сұлтаны Шығайдың ұлы.
|
Бронислав Залесский (1820–1880)
|
поляк суретшісі. 1848–1849 жылдары А.И. Бутаков басқарған Арал экспедиясына суретші ретінде қатысқан. 1853 жылғы Ресей империясы әскерінің Ақмешітке (Қызылорда) жасаған жорығында да болған. Оның осы кездегі қазақтар жөнінде көлемді этнографиялық очеркі бар.
|
§45–46. ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі
Жәңгiр хан Бөкейұлы (1801–1845)
|
Бөкей Ордасының ханы (1824–1845).
|
Гаспринский Исмайыл (1851–1914)
|
Ресейдiң белгiлi ағартушысы және қоғам қайраткерi. Өзiнiң бүкiл өмiрiн Ресей империясы мұсылмандарының құқығын қорғауға арнады.
|
Мұса Шорманов (1819–1884)
|
белгілі зерттеуші, этнограф, қазақ фольклорының үлгілерін жинаушы. Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны.
|
Достарыңызбен бөлісу: |