Екiншi бөлiм. ХVIII ғасырдағы қазақ хандығы
§7–8. ХVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қарым-қатынасы
Жайық өзені
|
1775 жылға дейінгі Жайықтың (Орал) аты. Е.И. Пугачев көтерілісі талқандалған соң, оның есімін естен шығару үшін өзеннің атын ауыстырған.
|
Жайық қаласы
|
қазіргі Орал қаласы
|
Жәмішев бекінісі
|
қазіргі Павлодар облысының Жәмішев (Ямышево) ауылы
|
§9–10. Ресей империясының Қазақ хандығын қосып ала бастауы
Басыбайлы шаруа
|
Ресейдiң 1861 жылға дейiн тағдыры iс жүзiнде помещиктер мен дворяндардың еркiне толық тәуелдi болған ауылдық жердiң тұрғыны.
|
Оппозиция
|
қарама-қарсылық, қарсылық көрсету.
|
Экспедиция
|
– бұл жерде сөздің мәні «мекеме» ретінде айтылған.
|
§11–12. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Шежіре
|
қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама
|
Стела
|
ескерткіш құлпытас.
|
Үшiншi бөлiм. ХVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
§13–14. ХVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті
Ақын
|
өз жанынан өлең шығаратын сөз шеберi.
|
Жырау
|
жырды көп бiлетiн және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.
|
Күй
|
қазақ халқының музыкалық шығармасының бiр түрi.
|
§15–16. ХVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
Зергерлік өнер
|
металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеу. Алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттар (сақина, сырға, білезік, қаптырма т.б.) жасау
|
Төртiншi бөлiм. отарлау және ұлт-азаттық күрес
§17–18. Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы
Мещеряктар
|
түркi тiлдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.
|
Жүк тасымалы
|
атпен, түйемен жүк тасу кәсiпшiлiгi.
|
Басқа қалалық адамдар
|
1917 жылға дейiн казак әскерлерiнiң аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мещандар, саудагерлер) осылай аталған
|
§19–20. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783–1797)
Қазына
|
түрлi бағалы заттар, дүние-мүлiк; материалдық байлық
|
Расправа
|
Кiшi жүздегi ру ақсақалдары кiруге тиiстi болған отарлау жүйесінің әкiмшiлiк органы
|
Старшын
|
ру басшысы
|
§21–22. 1822–1824 жылдардағы патша реформалары
Болыс
|
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiк, сондай-ақ осы бөлiктi басқарушы лауазымды қызмет иесi.
|
Керуен
|
алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлiк тiзбегi.
|
Жарғы
|
белгiлi бiр ұйымның атқаруы тиiс қызметi туралы, оның құқықтары мен мiндеттерi туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкiмшiлiк заңдарының жинағы
|
Елек өзені
|
Жайық алабындағы өзен. Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк аудандары), Батыс Қазақстан облыстары (Бөрілі ауданы) жерінен ағып өтеді
|
Десятина
|
1,09 гектарға тең жер көлемі.
|
§23–24. Бөкей Ордасы қазақтарының 1836–1838 жылдардағы көтерілісі
Жалға беру
|
жер не мүлiктi уақытша пайдалану үшiн жалға беру.
|
§25–26. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847)
Манап
|
қырғыздың ақсүйек рубасылары.
|
§27–28. Қазақтардың ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы Ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынасы
Жасауыл
|
патша армиясындағы казак офицерлерiнiң шенi.
|
§29–30. Ресей империясының Қазақстанды қосып алуының аяқталуы
Қазы
|
билiк айтушы, төрешi. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы бiлетiн адам.
|
Пристав
|
Ұлы жүз қазақтарын басқару үшiн бекiтiлген лауазымды қызмет.
|
Бесiншi бөлiм. Қазақстан ресей империясының құрамында
§31–32. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)
Қарашығын
|
алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі.
|
Уезд
|
ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi Ресей империясының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi.
|
§33–34. Қазақтардың 1860–1870 жылдардағы азаттық күресі
Контрибуция
|
соғыста жеңген жақтың жеңiлген жақтан соғыс шығындарын өндiрiп алу жөнiнде салатын салығы.
|
Шаруа бастығы
|
лауазымды әкiмшiлiк қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгiзiлдi. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергiлiктi қазақтарды басқару болатын
|
§35–36. Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясаты
Достарыңызбен бөлісу: |