§1–2. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының басталуы
Қайып (ХVII ғасырдың ортасы – 1719)
|
1716–1719 жылдары билік еткен қазақ ханы. Оның тұсында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды.
|
Канси (1654–1722)
|
Қытайдағы Цинь династиясы әулетiнiң екiншi императоры.
|
Цеван-Рабтан (1663–1727)
|
жоңғар билеушiсi. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына жаппай баса-көктеп шабуылға шығуы соның атымен тығыз байланысты болды.
|
§3–4. Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы
Әбілқайыр (1693–1748) –
|
мемлекет қайраткері, Кіші жүздің ханы
|
§5–6. Қазақ-жоңғар шайқастары
Бөгенбай Ақшаұлы (1680–1778)
|
әскери қолбасшы, дипломат, жоңғарлармен болған соғыста бүкiл халықтың басын қосып, жауға қарсы күрестi ұйымдастырушылардың бiрi. Ол Абылай ханның ықпалды да беделдi жақын серiктерiнiң бiрi болған.
|
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691–1769)
|
әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшiлерiнiң бiрi. Қазақтардың iрi жауынгерлiк жасағын басқарған. Соғыста көрсеткен ерлiгi мен батырлығы үшiн Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни «Азуын айға бiлеген батырым» деп атаған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |