Бірінші кезең мүмкіндігі



бет1/2
Дата24.09.2023
өлшемі41,43 Kb.
#182241
  1   2
Байланысты:
8 сынып үйде оқыту


Түсінік хат

Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады.


Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі. 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады. 
Бірінші кезең мүмкіндігі
шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық,
облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші, туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), бар болса – мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын, білім беру ұйымынан психологиялықпедагогикалық мінездеме, оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін қосымша сұратуы мүмкін. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болып табылады. 
Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін атаананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді. 
Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

Күнтізбелік тақырыптық жоспар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25» қазандағы № 545 бұйрығына 9-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 199-қосымшасын басшылыққа ала отырып жасалынды.


«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Алгебра пәні бойынша 8-сыныптағы сағат саны аптасына 2 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет