1 2-слайд
Сонымен бірге үй тапсырмасын орындау тәртібіне де ерекше көңіл бөлу керек. Уақыт белгілеңіз. Өзіңізге де, балаға да үзіліс беріңіз. Бала үй тапсырмасын орындау дағдысын енді меңгеріп жатыр, бұрын оны істеп көрмеген. Оған қиын, ал сізге түсінікті. Сондықтан, төзімді болыңыз. Балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу кезінде екінші ата-анамен ауысып отырыңыздар.
Тағы бір кеңес – балаға бәрін мінсіз орындатуға тырыспаңыз, өмірде бәрі бірінші реттен сәтті шықпайтынына көндігуді үйреніңіз, екінші жолы бәрі ойдағыдай болады.
|