Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет15/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

1 6-слайд

Ең маңызды 3 құпия: мақтау, көмек, қолдау, ата-аналар аталғандарды меңгеруі маңызды.

Өзіңізді бала кейпінде елестетіп көріңіз де, «Жарайсың», «Әріптерді әдем жазып жатқаныңы қуанып тұрмын, өте ынталысың!» деген сөздерді естігенде қандай сезімдерді бастан кешіретініңізді байқаңыз. Шынымен де, екінші жағдайда не болып жатқанына, не үшін мақтап жатқанына қатысты көбірек жағымды сезімдер мен түсінік пайда болады. Бірінші жағдайдағы «Жарайсың» көбірек бағалауға ұқсайды.

Біз жиі мақтау айтамыз және мақтауды бағалаумен шатастырамыз, сондықтан, бала соған үйреніп кетіп, үнемі бағалауға сай болуға, өзге маңызды ересектердің үмітін ақтауға тырысады. Есейгенде де осындай балалар үнемі нұсқау күтеді және бағалаудан қорқады, жиі көңілі қалады және өзін көрсете алмайды. Олар өздерімен мүлдем таныс емес, үнемі өздеріне күмән келтіреді. Бала сенімділікті сезінуі үшін қалай мақтау керек сонда? Үш маңызды ережені орындау қажет:



  • Не көріп тұрғаныңызды сипаттаңыз

  • Соған байланысты қандай сезімде екеніңізді сипаттаңыз

  • Баланың мақтауға лайық қылығын сол жағдайға көрінген қасиетін көрсететін сөзбен қорытындылаңыз. Мысалы: құсты айнытпай салыпсың, баламның өзіне ұнайтын іспен айналысатыны мені қуантады, өте байқампазсың.

Өтінеміз, есте сақтаңыздар, мақтау ұнамды тұстарды қуаттауға және дамуға ынталандыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет