Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін


Қарны тоқ, көңілді бірінші сынып оқушысы білім алу үдерісіне әлдеқайда белсендірек кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге дайын болады



бет11/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

Қарны тоқ, көңілді бірінші сынып оқушысы білім алу үдерісіне әлдеқайда белсендірек кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге дайын болады.

Мектептегі түскі асқа келетін болсақ, негізінен олар ыстық тағамдардан тұруы тиіс: бірінші тағамға ет, балық немесе көкөністер қосылған сорпа, екінші тағамға жарма немесе көкөніс қосылған балық немесе ет және тәті сусын – морс, компот немесе кисель. Бірақ кез-келген жағдайда тіпті ыстық түскі ас ішсе де, бірінші сынып оқушысы кешкі асқа дейін тоқ жүруі екіталай. Бесіндікке ашымалы сүт сусынын ішкен пайдалы болады: айран, майлы айран, қатық, табиғи йогурт.

Ал енді кешкі ас. Кешкі ас жеткілікті дәрежеде нәрлі, бірақ жеңіл болуы тиіс. Дұрыс кешкі асқа жақсы мысал – көкөніс пісірмесі және бір стақан сүт.

Диетологтардың пікірінше тамақтану арасындағы қолайлы үзілісі шамамен үш сағатты құрайды. Түскі немесе кешкі асқа дейін шыдап, артық тамақ жеп қоймау үшін жеңіл тіскебасалар қосқан абзал.

Тамақтану жөніндегі мамандардың ұсынымдарына сай таңғы және түскі ас арасындағы ең дұрыс бірінші тіскебасар – жемістер. Олар жасұныққа және фрктозаға бай, асқазан-ішек жолы оларды еш қиналмай қорытады және дәрумендерді мейлінше жақсы сіңіреді.

Екінші пайдалы тіскебасар – көкөністер, ашымалы сүт өнімдері, жаңғақтар (20 г жеткілікті).

Егер баланың артық салмағы болмаса және көмірсу алмасуы бұзылмаса, тәттілерді өте аздаған көлемде беруге болады: зефир және мармелад – аталған десерттер әлдеқайда табиғи, құрамында еритін тағамдық талшықтар бар. Шоколадты батончиктерді, мюсли қосылған батончиктерді, тәтті сусындар мен шырындарды көп тұтынбаған жөн – олар семіруге септеседі және тістің жылтыр қабығын зақымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет