9 -слайд
Әдетте жеті жасар бала өз уақытына өз бетінше билік ете алмайды, бірақ, қазірдің өзінде оны дұрыстап үйретіп қоюға болады: жақында осы қасиет оған керек болады. Іс жүзінде дәлелденген: күн тәртібін сақтау мектеп оқушысына дербес және жинақы болуға көмектеседі, ал бастауыш сыныптарда жүргізілген арнайы зерттеулер көрсеткендей, үздік оқушылар сабаққа дайындалу үшін нақты бір уақыт белгілейді және үнемі сол уақытта дайындалады. Сондықтан, жақсы баға қабілет пен шыдамдылықтың ғана емес, табанды еңбектің және белгілі бір уақытта жүйелі жұмыс жасау әдетінің нәтижесі.
|