Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет5/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

5 -слайд

Оған қоса мектепке бару кезеңі 7 жастағы дағдарыстан өту кезеңімен тұспа-тұс келеді.

7 жастағы дағдарыс баланың өмірінде мектепке дейінгі кезең аяқталып, кіші мектеп жасы кезеңінің басталуымен байланысты. Көптеген ата-аналарға баласының басынан не өтіп жатқанын жақсы түсінетін сияқты болып көрінеді: қиындықтар тудыратын оқуға бейімделу жүріп жатыр.

Жеті жаста баланың өмір салты ғана өзгеріп қоймайды. Өзінің әлеуметтік «МЕН» деген қырын ұғыну басталады, айналадағылармен тығызырақ байланыстар орнату әрекеттері жасалады, шынайы өмірді аңғал және тікелей қабылдау ғайып болады. Енді ол өзін физикалық тұрғыдан бар адам ретінде ғана емес, оны өзгелерден ерекше ететін өзінің психикалық ерекшеліктері, өзінің ішкі әлемі бар адам ретінде қабылдайды.

Осындай көпбейнелі жаңа сезімдер баланы шок күйіне түсіреді. Осындай жағдайда оған қоршаған орта тарапынан көрсетілетін тайталасқа орынды әрекет ете отырып, әлі мектеп өміріне қосылу керек.

Осындай ерекшеліктерден баланың және оның айналасындағы адамдардың қиындық тудыратын мәселелерінің себептері пайда болады. Сонымен бірге, осындай ерекшеліктер баланың дамуына және оқуға деген ынтасының артуына себепші болуы мүмкін. Ата-аналарға осы жастағы басымдықтарды және қиындықтарды көре білу және баланың ынтасын арттыру және коммуникация (өзара әрекеттестік) құру кезінде соларды бағдар етіп алу маңызды.

Осы дағдарыстан сәтті өтуінің арқасында бала психикалық функциялардың (ерік-жігер күшінің) еріктілігін және оқу-үйрену дағдыларын қалыптастырады, өзін тиісінше бағалауды үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет