Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет3/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

3 -слайд

Әлеуметтік бейімделу – адамның қоғам қатарына ену барысы, оның нәтижесінде сана-сезім және рөлдік мінез-құлық, өзін-өзі қадағалау және өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттері, айналадағылармен лайықты байланыстар қалыптасады, бұл – белгілі әлеуметтік-психологиялық мәртебеге ие болу, белгілі бір әлеуметтік рөлдік функцияларды меңгеру барысы.

Сондықтан, бала басқа балалармен, мұғалімдермен аралас-құралас болуға көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу қажет екенін түсіну маңызды. Балаға басқа адамдармен қарым-қатынас орнатудың айтарлықтай икемді тәсілдерін игеру қажет, балалар арасында қалыптасқан ортаға кіре білу, басқалармен бірге әрекет ете білу, көне және қорғана білу керек.

Қарым-қатынастағы байланыстар мен жақындық жаңа білімді меңгеруде қосымша ресурс қалыптастыра алады, себебі, тіл табыса білетін бала оқуда жақсы нәтижелерге жету жолы ретінде көмек сұрай алады, өзі қол ұшын соза алады және өзгенің қолдауын, өзара көмек көрсетуді игілігіне пайдалана алады. Осылайша, әлеуметтік-психологиялық компонент балаларда басқалармен араласу қажеттілігінің қалыптасуын, балалар тобының қызығушылықтарына және дәстүрлеріне бағына білуді қарастырады, әрі мектепте оқу жағдайында оқушының рөлін еңсеру қабілетін де дамытады.

Физикалық тұрғыдан қатарластарымен, педагогтармен қарым-қатынас құра алатын және өз мінез-құлқын физикалық тұрғыдан өз бетінше реттеу әдістерін меңгерген балалар әлдеқайда жетілген болады: олардың кеудесі тік, тері беттері физикалық белсенділігіне сай, денесі «бұлшық еттерге» толы, олар өз жасына сай физикалық жүктемелерді көтеруге қабілетті.

Алайда, көбінесе балалар бейімделу сатысында тұйықтық, сенімсіздік, қорқыныш көрсетеді, бұл – алғашқы 2-3 аптадағы жаңа ортаға қатысты көрсетілетін орынды реакция. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу барысының қолайсыз өрбуі баланың ұжымда оқшау қалуына, қыр көрсету, бүлік шығару сынды қылықтар шығаруына алып келуі мүмкін, ішкі психикалық ширығуды, мазасыздықты, тұрақсыздандырушы күйлерді тудыруы мүмкін.

Ата-ананың міндеті – баланы тиімді коммуникация (өзара әрекеттестік) әдістеріне үйрету, жаңа міндеттерді дұрыс түсінуді қалыптастыру, өзінің өзгелерден өзгешелігін қабылдай білуге үйрету!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет