Біржан сал "Лəйлім шырақ"



бет11/11
Дата05.04.2022
өлшемі33,99 Kb.
#137938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәстүрлі ән мәтіндері

Қорлан /1-нұсқа/


Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868-1946)
Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,
Дариға арманым көп не қылайын.
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан!
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан.
Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан,
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған.
Өзіңдей боп жан тумас,
Туса туар, артылмас.
Бар ғаламды шарықта,
Уа, дариға, ләулік тас.
Бағдат, Мысыр, Шың, Машын.
Іздесем Қорлан табылмас.
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан!
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан.

Қараторғай


Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
Ләйлім шырақ
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,


Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын өзіме бер,
Шідерімнің бағасы – қырық қысырақ.
Өзіме бер шідерім тауып алсаң,
Өте қымбат бағасы тілге нансаң.
Жерде шіріп қалса да өзіме бер,
Шыбын жаным қиылсын бітім алсам.



Зәуреш


Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)

Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,


Баяғы өзің көрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп, бір сүйейін деген едім.
Қайыңның жазда көрдім жапырағын,
Құланның тауда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың.
Сақталмас болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Зарланып саулы інгендей келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.

Əсеттің əні - "Інжу маржан"

Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдеседі.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы.
Жүрегінен күңіреніп желдей есед.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай.
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай!
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман, тоғай, өзенді жамыратып.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?

Әуелетіп ал жібер Әсет әнін,
Шарықтасын, шомылтсын әнге маңын.
Аққудайын айналып айға қонып,
Аймаласын, қуансын әнші жаның.
Сағынбасқа не шара?

Студентттің аты-жөні: ________________________________________________



Тақырып: Қазақтың дәстүрлі әндері

Әннің авторы: ________________________________________________

Әннің атауы:____________________________________________________

Әннің жанры: ____________________________________________________

Әннің мектебі: ____________________________________________________

Әннің негізгі идеясы:


Әннің мазмұны:

Әннің тірек сөздері:

Әннің маңыздылығы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет