Ақан сері - "Сырымбет"
Ауылым қонған Сырымбет саласына
Болдым ғашық ақ сұнқар баласына
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?
Қарындас-ау
Енді, есен бол-ау
Ауылым қонған Сырымбет жел мағына
Артық туған бала едің ел бағына
Бидайыққа лайық дейтін, сәулем
Бөктергінің іліндің тырнағына
Қарындас-ау
Енді, есен бол-ау
Алтын қайық жарасар күймесімен
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен
Қоскөл жаққа таныса киіп барған
Пештентіңді беріп кет түймесімен
Қарындас-ау
Енді, есен бол-ау
Сəкен Сейфуллин
Тау ішінде
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп елеңдетіп,
Астымда ақ боз атым сылаң сағым,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің, тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын.
Қайырмасы:
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің, қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқындай мың, құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяндай.
Тербеді дауысым ауаны
Дыңылдап қалқып баяулай.
Қайырмасы:
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Майра әні
Қызы едім мен Уәлидің Майра атым,
Тартады боз баланы магнитім,
Құрбылар, жастық шақта ойна да күл,
Қартаяр, күлкі қашар уақыт жақып.
Қайырмасы:
Майра, Майра
Қызыл тілім сайра
Хара-раку - райра, Майра
Майра, Майра
Шырқа, осындайда!
Дегенде атым Майра, атым Майра,
Отыз тіс, көмектей мен тілім сайра,
Қолға алып домбырамен ән шырқасам,
Ілесер сонда маған жігіт қайда?
Достарыңызбен бөлісу: |