Біржан мен Сара басқа ақындар сияқты амандасудан бастап, ұзақ айтысады. Бұл айтыстың тағы бір ерекшелігі сол – кезеңнің өзекті, келелі мәселелері талданып, терең талқыланады. Негізгі тақырып – әйел теңдігі делінгенімен, мұнда ру тартыстары, басшылардың әділетсіздігі, салт, әдет, жер туралы айтылады. Айтыстың негізгі қағидасы – қарсыласын қағыту, сөзден жеңу, осал тұсын табу. Мұнда қарсыластар сөзді қалай қолданса да сын емес. Бұл айтыс өнеріне жарасымды. Біржан да, Сара да бұл әдістерді пайдаланады. Алдымен сескендіріп, өзін асыра мақтап, сонысымен қарасыласын тойтарғысы келеді. Алтын менен күмістің нақысындай Міні жоқ бізден шығар сөз бедері. Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, – деген Біржан сөзіне дым мүдірместен өзінің де талай жүйріктермен айтысып, жеңгенін айтады: Арыстан, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошынған жүгірістен танбағанға... Жанақ та қобызбенен түк қылған жоқ, Оғай ма сендей сорлы бишараға. Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып, Жеңген жоқ Кеншімбайың о да аңдып, – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |