Бірмүшелер. Бірмүшенің стандарт түрі және дәрежесі. Бірмүшелерге амалдар қолдану. 7 - сынып Оқу мақсаттары: 7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу 7.2.1.3 бірмүшені стандарт түрде жазу; 7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету; Cандардың, айнымалылардың және олардың натурал көрсеткішті дәрежелерінің көбейтіндісі түріндегі өрнектерді бірмүшелер деп атайды. Сандар және натурал көрсеткішті дәрежелер де бірмүшелер болады. -1; ; -x. Бірмүшенің бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.
Кез келген сан стандарт түрдегі бірмүше болып табылады.
7; -281; 6,8.
Стандарт түрдегі бірмүшелікте әріптер алфавиттік ретпен жазылады.
Бірмүшені стандарт түрге келтіріңіз, оның коэффициенті мен дәрежесін табыңыз: - Cтандарт түрдегі бірмүшенің сандық көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп аталады.
- Бірмүшенің дәрежесі деп, оған енетін барлық айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысын айтады. Егер бірмүшеге айнымалы енбейтін болса, онда оның дәрежесі нөлге тең деп саналады.
Бірмүше
|
-21
|
2
| |
|
-6
|
0
|
Коэффициенті
|
-21
|
2
|
1
| |
-6
|
0
|
Дәрежесі
|
6+4+2=12
|
3
|
2+1=3
|
0
|
0
|
анықталмаған
|
Бірмүше
| | | | |
-6
|
0
|
Коэффициенті
|
-21
|
2
|
1
| |
-6
|
0
|
Дәрежесі
|
6+4+2=12
|
3
|
2+1=3
|
0
|
0
|
анықталмаған
| Бірмүшелерді қосу және азайту - Бірдей дәрежеге шығарылған бірдей айнымалылары бар екі немесе одан да көп бірмүшелер ұқсас мүшелер деп аталады. Олар тек коэффициенттерімен ғана ерекшеленеді. Мысалдар:
a және a; 3x және −5x; 2ab және 0,3ab; және27; және - Бірмүшелерді қосу және азайту амалы тек ұқсас мүшелерге ғана орындалады. Амал тек коэффициенттерге орындалады, ал айнымалының дәрежесі еш өзгеріссіз көшіріп жазылады.
1) +=; 2) -7=6 - Егер бірмүшелердің ұқсастығы көрінбей тұрса, алдымен оларды стандарт түрге келтіру керек.
Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару Бірмүшені бірмүшеге көбейту нәтижесінде жаңа бірмүше пайда болады. Нәтижені стандарт түрде жазамыз. = Бірмүшелерді дәрежеге шығару үшін оның құрамындағы барлық көбейткіштерді сол дәрежге шығарамыз. = Бірмүшені бірмүшеге бөлу Бірмүшені бірмүшеге бөлуде үш жағдай болуы мүмкін: 1.Бөлгіштің құрамындағы айнымалылар бөлінгіштің құрамындағы айнымалыларды қамтиды және дәреже көрсеткіштері одан артық емес. Нәтижесінде бірмүше шығады. 2. Бөлгіштің құрамындағы айнымалылар бөлінгіштің құрамындағы айнымалыларды қамтиды және кейбір дәрежелер одан артық. Нәтижесінде қысқартылған алгебралық бөлшек шығады. 3.Бөлгіштің құрамындағы айнымалылар мен бөлінгіштің құрамындағы айнымалылар әр түрлі. Нәтижесінде қысқартылған алгебралық бөлшек шығады. І Ү М Б Р Е 25:125 Ш Тапсырма: №1. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтаңыздар: №2. Бірмүшені стандарт түрге келтіріп, дәрежесін, коэффицентін табыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |