«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты


Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы 4 жоба



бет3/6
Дата01.04.2024
өлшемі0,84 Mb.
#200440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы 4 жоба :

  • «Еңбегі адал жас өрен», «Ұрпаққа аманат», «Ұлттық мектеп лигасы», «Жеткіншектің 7 жарғысы»

«Еңбегі адал жас өрен»,

Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы жүзеге асырылады.

Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбек культін дәріптеуге бағытталады. Жоба шеберінде білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға қолдау көрсетуді, өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді.

Білім алушыларға өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман нағыз еңбек адамы екендігін дәріптеуді қажет етеді. Нағыз еңбек адамы әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өзегінің еңбегін бағалайтын адал азамат екендігін түсіндіру қажет. Жобаны жүзеге асыру үшін білім алушыларға өзі тұратын ауылдағы, қаладағы табысты еңбек азаматтарымен бірлескен шеберлік сағаттарын, қолөнершілер фестивальдерін, кәсіптік бағдар берудің ғылыми жобаларын, конкурстарын және өңірдегі өндірістік орындар мен кәсіпорындарда тәжірибе алаңдарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет.

5.3.2 «Ұрпаққа аманат» жобасы

Мемлекетшілдік пен отаншылдық идеясын кеңінен насихаттау мақсатында «Ұрпаққа аманат» жобасы жүзеге асырылады.

Жоба ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дәріптеуге тұғыр болады. Бұл – адамның туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, қоғам игілігіне адал қызмет етуге баулитын жоба. Ұрпаққа аманат» жобасы балалар мен жасөспірімдерді туған жер, атамекен, Отан деген қасиетті ұғымдармен сабақтастыру маңызды. Атамекен – бұл ата қоныс. Атамекенін, туып, өскен елін, жерін жан-тәнімен сақтау, ата-бабадан қалған атамекен жерімізге иелік ету, ұрпаққа аманат екенін түсіндіру.

Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалардың көптеген түрлерін қолға алуға керектігін көрсетеді. Мысалы: «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет