«Ғылым қоры» АҚ
Президентінің
2016 жылғы «___» ___________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
2016 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған өтінімдерді дайындау бойынша Конкурстық құжаттама
Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті
Конкурс операторы – «Ғылым қоры» АҚ
Жалпы ережелер
Осы Конкурстық құжаттаманы конкурстың Операторы - «Ғылым қоры» АҚ-ы 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-VI «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 504 қаулысына, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №718 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №720 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына, 2016 жылғы 17 мамырдағы №319 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін гранттық қаржыландыру операторын айқындау туралы» сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына (ары қарай - Конкурс) қатысу өтінімдерін дайындау мақсатында әзірледі.
Конкурс өтеусіз және қайтарымсыз негізінде ұсынылатын, бюджеттік қаражат және (немесе) бюджеттен тыс қаражат есебінен экономиканың басым секторлары шеңберінде және нақты тақырыптар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруға арналған гранттар бөлу үшін өткізіледі.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына гранттар алу үшін өтінімдерді беру сәтіне дейін ғылыми зерттеулер аяқталған болуы керек.
Тиісті коммерцияландыру жобалар қалыптасатын басым секторлардың және тақырыптар атауларының тізбесі
2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан республикасы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының 27 басым секторлары шеңберінде 2016 жылы коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыру үшін экономиканың (тақырыптар) басым секторларының атауы:
Азық-түлік өнімдерінің өндірісі (ОКЭД:10 коды);
Уыт өндірісі (ОКЭД:11.06 коды);
Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі (ОКЭД:11.07 коды);
Тоқыма бұйымдарының өндірісі (ОКЭД:13 коды);
Киім-кешек өндірісі (ОКЭД:14 коды);
Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі (ОКЭД:15 коды);
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі (ОКЭД:16 коды);
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі (ОКЭД:17 коды);
Жазылған материалдарды басып шығару және тыңдатып-көрсету (ОКЭД:18 коды);
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (ОКЭД:19 коды);
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі (ОКЭД:20 коды);
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі (ОКЭД:21 коды);
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі (ОКЭД:22 коды);
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі (ОКЭД:23 коды);
Металлургия өнеркәсібі (ОКЭД:24 коды);
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі (ОКЭД:25 коды);
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі (ОКЭД:26 коды);
Электр жабдықтарының өндірісі (ОКЭД:27 коды);
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі (ОКЭД:28 коды);
Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі (ОКЭД:29 коды);
Өзге көлік құралдар өндірісі (ОКЭД:30 коды);
Жиһаз өндірісі (ОКЭД:31 коды);
Өзге дайын бұйымдар өндірісі (ОКЭД:32 коды);
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату (ОКЭД:33 коды);
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату (ОКЭД:38 коды);
Техникалық сынақтар және талдаулар (ОКЭД:71.2 коды);
Буып-түю (ОКЭД:82.92 коды).
Жобаны іске асыру жоспары
Жобаның іске асырылуы қатаң түрде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант беру шартына (ары қарай – Шарт), осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Грант шеңберінде грант алушының келесі шығындары қаржыландырылады:
Жобаны іске асыруға қатысатын қызметкерлердің еңбекақыларын төлеу қоры. Бұл ретте қызметкердің айлық жалақысының көлемі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті деректеріне сәйкес, экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша бір қызметкердің номиналды орташа айлық жалақысынан аспауы қажет;
Жобаны іске асыру үшін құрал-жабдықтарды, жиынтықтауштарды және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, жеткізу және монтаждау;
Жобаны іске асыру үшін шығын материалдарын сатып алу;
Жобаны іске асырумен байланысты үшінші тұлғалардың жұмысы мен қызметтерінің төлемі;
Жобаны іске асыру үшін қажетті ғимаратты, құрал- жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға алу;
Жобаны іске асырған кезде алынған жаңа құрылған зияткерлік меншік объектілері үшін зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалардың қызметі мен мемлекеттік және патенттік баждарды төлеу);
Жобаны іске асырумен байланысты іссапар шығындары (бұл ретте іссапар шығындар нормалары «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысына, ал шетелдік іссапарлар «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы №108 Қаулысына сәйкес болуы керек);
Жобаны ілгері бастыру бойынша, дистрибуция мен маркетингтік қызметтер шығындары, оның ішінде буклеттер, брошюралар, баннерлер, макеттер жасау шығындары;
Жобаны іске асырған кезде пайда болатын салық міндеттемелері;
Грант қаражатын аудару үшін ашылған шотты санамағанда, банктік қызметтер.
Грант қаражаты есебінен қаржыландырылмайтын шығыс баптары:
құмар ойындарын, алкогольдік ішімдіктерін, темекі бұйымдарын, қару-жарақты әзірлеу, өндіру және сату саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған шығындар;
қандай да бір үшінші жаққа пайыздар немесе берешекті өтеу;
ықтимал болашақта пайда болатын залалдар немесе борыштар шығындары мен резервтері;
нәтижелері мемлекеттік бағдарламалар немесе компаниялардың/ұйымдардың есебінен қаржыландырылған жобалар;
валюта айырбастау және айыппұлдар шығындары;
грант алушының қызметкерлеріне материалдық көмек, өтемақылар мен сыйлықтар төлеу;
өкілдік шығындар;
персоналды қабылдау қызметтері мен жазылуға жұмсалатын шығындар;
көлік құралдар (Конкурс Операторымен келісу бойынша арнайы мақсаттыдан бөлек), жер немесе ғимараттар сатып алу;
ғимараттар мен құрылыстарды салу, көліктік инфрақұрылым, күрделі жөндеу шығындары;
Жобаны іске асырумен байланысты емес басқа да шығындар.
Жобаны іске асыру нәтижесі болып ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін, оның ішінде нарыққа табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, қызмет және процесстер шығару мақсатындағы зияткерлік қызмет нәтижелерін практикалық қолданумен байланысты қызмет саналады.
Жобаны іске асырумен байланысты Жобаны іске асыру барысында және (немесе) аяқталғаннан кейін мақалаларды с.с. жариялаған кезде грант алушы алынған грантқа сілтеме жасап, Оператор және (немесе) уәкілетті органды көрсету керек.
Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
Конкурстық құжаттаманың нысаны және қосымшасына қойылатын
талаптар
Конкурсқа қатысатын өтінімдер осы Конкурстық құжаттаманың 1 қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес жасалады.
5. Коммерцияландыруға арналған бір жобаның максималды қаржыландыру көлемі
Жобаны іске асыруға қажетті сұралынатын қаржыландыру сомасы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгеден аспауы керек.
Конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындарды, оның ішінде Конкурсқа қатысу үшін өтінімді дайындау, ұсынумен байланысты шығындарды өтінім берушілер өтейді.
Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімде барлық сомалар теңгемен көрсетілуі керек.
6. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет аккредитациясы бар субъектілер, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары қатысуға құқығы бар.
Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек, сондай-ақ екіден артық жобаға қатыса алмайды.
Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуы керек. Грант шеңберінде берілген қаражат өтінімде көрсетілген мақсаттарға бағытталуы керек.
Командада коммерциаландыру бойынша маманның немесе бизнесті дамытуда тәжірибесі бар кәсіпкердің болуы міндетті.
Жоба командасы 7 адамнан аспауы керек.
Жаңадан құрылған зияткерлік меншік объектілері Жобаны іске асыратын заңды тұлғаның атына тіркелуі керек.
Жобаға қатысты қолданыстағы зияткерлік меншік объектілері Жобаны іске асыратын заңды тұлғаға лицензиялық келісім-шарт немесе айырықша құқығын өзгеге беру келісім-шарты бойынша берілуі керек.
Берілген Жоба бойынша қаржыландыруға ұсынылған іс-шаралар мен шығындар бұрын мемлекеттік бюджет немесе басқа да қаражат көздері есебінен қаржыландырылған болса немесе қаржыландыру үстінде болса, ондай тұлғалар грант алу үшін өтінім беруші бола алмайды.
Жобаға өзінің немес бизнес-серіктес тарапынан қосымша қаржыландыру болған жағдайда, өтінім берілгенге дейін ақша түрінде салым сомасы анықталуы керек.
Өтінім материалдарында шығармашылық ұрлық, бұрмаланған, жалған ақпарат табылса, Оператор өтінімді ағымдағы жылда грант беру рәсімдерінің кез келген кезеңінде өтінімді одан әрі қарамай, кері қайтаруға құқылы.
Бизнес-серіктестің бар болуы гранттық қаржыландыруды алатын жеңімпазды анықтағанда және өтінімді қарастырғанда басымдылық жағдай болып табылады.
Конкурсқа қатысудан кері қайтарылатындар:
мазмұны мен рәсімдеуі осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;
материалдарында шығармашылық ұрлық, бұрмаланған, жалған деректер, жалған бірлескен авторлық, материалдық-техникалық базасы туралы жалған деректер табылған өтінімдер;
қаржыландыруға ұсынылған іс-шаралар мен шығындар бұрын мемлекеттік бюджет немесе басқа да қаражат көздері есебінен қаржыландырылған немесе қаржыландыру үстіндегі өтінімдер;
өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер.
Конкурстық өтінімді дайындау мен ұсыну бойынша талаптар
Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және ағылшын тілінде ұсынылады.
Өтінімдер екі данада (түпнұсқа және көшірме) қағазда және электрондық түрінде word және pdf форматында ұсынылады.
Өтінім қағаз пломбасымен тігіледі және бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтардың саны жазылады және уәкілетті тұлғаның дөңгелек мөрімен (заңды тұлғалар үшін), қолымен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
Поштамен Конкурс Операторына жіберілген өтінімнің Конкурсқа уақытында келіп түсу үшін жауапкершілік өтінімді жіберген өтінім берушіге жүктеледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді конкурс өткізілу туралы хабарландыруда көрсетілген қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурс операторының мекен-жайына конкурсқа қатысу үшін түскен өтінімдер кешіккен деп саналады және оператормен қабылданбайды.
Конкурстық өтінімдерді қарастыру және жеңімпазды айқындау тәртібі
Грант ұсыну бойынша өтінімдерді қарастыру тәртібі Конкурс Операторы жүргізетін келесі кезеңдерді қамтиды:
тіркеу журналында өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
өтінімдерді Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуын тексеру;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізу;
өтінімдерді мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (ары қарай – МҒТС) және мемлекеттік экономикалық (маркетингтік) сараптама (ары қарай – МЭМС) нәтижелерімен тиісті Ұлттық ғылыми кеңестерімен (ары қарай - ҰҒК) қарастыру;
ҰҒК алдында жобаларды өтінім берушілермен қорғау;
ҰҒК Конкурс жеңімпаздары және Жобаларды қаржыландыру көлемдері туралы шешім қабылдау;
қабылданған шешім туралы Конкурсқа қатысушыларға хабарлама беру;
Конкурс жеңімпаздары мен гранталушылармен Шартқа қол қою.
Өтінімдерді қарастыру мерзімі – Конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 95 (тоқсан бес) күннен аспауы керек.
Өтінім беруші Конкурсқа қатысу үшін берген өзінің өтінімін Конкурс өту туралы хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін кез келген уақытта қайта кері қайтарып алуға құқылы.
Өтінімді кері қайтару туралы жазбаша хабарлама өтінім берушімен Конкурс Операторының мекенжайына өтінімнің тіркеу нөмірін көрсете отырып жіберіледі. Хабарлама өтінім берушінің (заңды тұлға үшін) мөрімен басылады және оған өтінім берушінің бірінші жетекшісі қол қояды. Егер Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарлама белгіленген талаптарға сәйкес келмесе Конкурсқа қатысу үшін өтінім кері қайтарылмады деп саналады.
Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарламаны Конкурс Операторы тіркейді. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарлама ұсынған өтінім берушінің талабы бойынша Конкурс Операторы Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімді қайтару туралы хабарламаны алғаны туралы хабарламаның тіркеу нөмірі және хабарлама алған күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді.
Грант алушы Шарт жасасу алдында:
Қазақстан Республикасы резиденті – екінші деңгейлі банкте эскроу-шотты ашады;
бизнес-серіктестің жоғары аталған шотта ақша құралдарының орналастыруын (қосымша қаржыландыру болған жағдайда) қамтамасыз етеді және екінші деңгейлі банктің шотында қаражаттың бар болуы туралы тиісті анықтаманы ұсынады.
Шарттың міндеттерін бір жақпен орындалмауы кезінде немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, эскроу-шоттағы ақша банкпен төлеушіге қайтарылады.
Қорытынды ережелер
Әлеуетті өтінім берушілерге кеңес беруді Конкурс Операторы: тікелей сұхбаттасу, техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (телефон, интернет), семинар-кездесулерді ұйымдастыру және өткізу және де басқа түрлері арқылы жүзеге асырады.
Өтінім беруші жазба түрінде немесе электрондық құжат түрінде Конкурс Операторына Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша сұрақтарды, Конкурстық құжаттамада және Конкурсты өткізу хабарламасында көрсетілген, пошталық мекенжайға немесе электрондық поштаға жолдауға құқылы. Бұл ретте, сұрауда:
- Конкурс және Конкурс Операторы атауы;
- сұрауды жолдаған ұйымның атауы және оның мекенжайы;
- түсіндіруді қажет ететін Конкурстық құжаттаманың тармағы;
- түсіндіруді қажет ететін сұрақтар;
- жауапты қайтаратын тиісті электрондық пошта мекенжайы, факстың нөмірі, пошталық мекенжайды көрсету арқылы түсіндіруді алу тәсілі (поштамен, факсимильды байланыспен, электрондық поштамен). Сұрауға ұйымның жетекшісі немесе басқада уәкілетті тұлға қол қоюы қажет.
Сұрау түскен уақыттан бастап бес жұмыс күн ішінде Конкурс Операторы жазбаша немесе электрондық құжат түрінде Конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіруге міндетті.
Конкурстық құжаттаманың ережесін өтінім берушілерге түсіндіру ғылым саласындағы уәкілетті органның және Конкурс Операторының ресми сайтында Конкурсты өткізу туралы хабарламаны орналастырылған күннен бастап жүргізіледі.
Конкурстық құжаттаманың ережесін өтінім берушілерге түсіндіру мерзімінің аяқталуы – Конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген, Конкурста қатысу үшін өтінімді ұсыну мерзімінің аяқталуына бес жұмыс күні қалғанға дейін.
Өтінімді ұсыну мерзімі - 2016 жылдың «14» қыркүйегінен 2016 жылғы «27» қазанға дейін.
Өтінімдерді қабылдау уақыты – жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге, 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.
2016 жылдың 27 қазанында «Ғылым қоры» АҚ өтінімдерді Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.
Өтінімдерді қабылдау орны – Астана қаласы, Республика даңғылы 24, 5 қабат – «Ғылым қоры» АҚ, 501 кабинет.
Байланыс тел.: +7 (7172)20-11-97, +7(7172)26-63-59; e-mail: fond_nauki@mail.ru.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіретін және конкурстық өтінімді даярлау бойынша сұрақтарға кеңес беретін, жауапты лауазымды тұлға – Жұмағалиев Бауыржан Маратұлы.
Ғылым саласындағы уәкілетті органның байланысы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 11 кіреберіс, тел: +7(7172)74-24-85.
________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |