Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
11.3 Мемлекеттің инновациялық саясаты және кейбір мекемелерге ұсынылатын жеңілдіктер Еуроодақтың, ел басқармаларының және аймақтық әкімшіліктердің ғылыми- техникалық және инновациялық саясаты әр түрлі формалар ретінде іске асырылуы мүмкін, олар үлкен екі категорияға бөлінеді: бағдарламалық және институциялық.
Бірінші жағдайда іс-шаралар басқару деңгеіне сәйкес бағдарлама бойынша жүргізіледі. Екінші жағдайда арнайы басқарушы орны құрылып, ол бағдарлық құжатты басшылыққа алмай, өз елінің не өз аймағының дамуына маңызды ықпалын тигізер деп қабылданған жүйеге сүйенеді. Бағдарлық принцп халықаралық деңгейде басымды, ал кейбір елдерде өз аймақ шеңберлерінде нақты бір мәселелерді шешу үшін арнайы органдардың құрылуы мен нақты аймақтардың дамуын көздейтін арнайы бағдарламалар мысалдары келтірілген.
Еуроодақ мемлекеттерінің ғылыми-техникалық және инновациялық саясаты ұлттық болсын, аймақтық болсын олар Еуропа қауымдастығының соларға сәйкес іс- шараларымен тығыз байланысқан. Еуроодаққа мүше елдерінің қауымдастық саясатынан интеграциялауы жөніндегі айиақтық саясатының құқықтық негізі Еуроодақ туралы келісім арқылы бекітілген.
ЕО-ң басты саяси мақсаты болып елдер мен аймақтардың қоғамдық- экономикалық бірігуі алға тартылады, ал іс жүзінде олардың даму деңгейіндегі айырмашылықтарға байланысты қарама-қайшылықтың алдын алуы.
Экономика саласында бірінші орынды алатын мәселелердің бір- ол жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі. Бірақ ЕО құжаттарында айтылатындай, ең маңызды болып технологиялық даму деңгейі мен оның деңгейін жоғарылататын кедергі - ол халықтың білім едңгейінің және кәсіби мәдениетінің айырмашылығы және білікті жұмысшы күшінің жоқтығы болып табылады.
Жалпы көлемдік жеңілдік дегеніміз- шығынға пропорционалды сәйкес жеңілдік, мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Бельгия, Швеция, Италия елдерінде жаңа ғылыми жобалауларға жұмсалатын ақша компаниялардың салық салынатын пайдаға түсірген қаражатынан 100% мөлшерінде ұсталып қалады, Австралияда - 150%, Нирланды, Норвегия, Австрия, Малайзия сияқты елдерде энергетикалық сала мекемелері салық төленгенге дейін жаңа ғылыми жобалауға деген шығындарды толығымен өтеп тастайды.
Өсімді салық жеңілдігі компанияның жаңа ғылыми жобалауға салыстырмалы түрде істің бастапқы кезінде не бір белгілі мерзім аралығындағы жұмсалған орташа қаражаты уақыт өте бере көбею мөлшері есептеледі. Бұл жеңілдік аталған шығынға қаражат жұмсалғаннан кейін ғана беріледі. Жеңілдіктің ең жоғарғы мөлшері Францияда - 50%, бірақ ол жыл көлемінде 5 млн франктан аспауы керек. Канада, АҚШ, Жапония, Тайвань елдерінде бұл жеңілдік - 20%. Бұл жерде біраз шектеулер бар екенін атап өтуіміз керек. Мысалы АҚШ - та жаңа ғылыми жобалауға жұмсалатын қаражаттың өсіміне деген салықтық жеңілдігі тек жаңа өнімдерді шығаруға не жаңа технологиялық процестерге беріледі, ал өнімнің түрін өзгертуге, не косметикалық, мезгілдік, басқа да бір модификациялауға жұмсалатын қаражатқа ондай жеңілдік берілмейді.
Одан басқа, бұл жеңілдікке де шектеу жарияланған жаңа ғылыми жобалауға жұмсалатын қаражат мөлшері бір белгілі мерзім арасындағы негізгі шығынның 50%-нан аспайтын жағдайда ғана, салықтық жеңілдік беріледі. Канадада шалғай орналасқан, сонымен қатар экономикасы дамыған аймақтар үшін бұл салық жеңілдік мөлшері 30%-ға дейін көбейтіледі. Жапония мен Тайваньда 20% жеңілдікті ғылыми жобалауға жұмсалған ақшаның көбейтіліп отырған мөлшері мен ең көп жұмсалған қаражат сомасынан есептеледі. Бір шектеу болады - ол бұл жеңілдік компанияның салықтық қаражат мөлшерінің 10%-нан аспау керек.
Кейбір шет мемлекеттер салықтық жеңілдіктің екі түрін де пайдаланады, жалпы көлемдікті және өсімдіні, бірақ шығындардың әр түріне, мысалы, АҚШ-та, жеке меншік секторда фундаменталды зерттеулерге жұмсалатын қаражаттық өсімді жеңілдігі 20% жалпы көлемдік жеңілдікпен толықтырылған.
Сонымен бірге ғылыми жобалауларға жұмсалатын ақшаға деген жеңілдіктің ең жоғары мөлшері, анықтау жағдайлары болып қолданылады. Бірақ ең кең таралған мөлшерлеме - 15-18%.
Ұлыбритания компанияларына техникалық жабдықтардың құнын олардың бірінші жұмыс істейтін жылында ақ мойындарынан алып тастауға рұхсат етіледі.
Германияда бірінші жұмыс істеу жылында ғылыми жобалар үшін сатып алынған жабдық құралдар үшін жұмсалған қаражаттың 40% дейін алынып тасталады екен.
Амартизациялық мақсатымен жойылу жүйесі Швецияда 3 жыл қызмет ететін және онша құнды емес жабдықты бірінші сатып алынған жылы ақ мойындарынан құнын алып тастауға рұхсат етеді, ал жалпы машиналар мен жабдықты 4-5 жыл ішінде.
АҚШ- та салықтық реформа 1986 жылы үкіметтік салық саясатын жүйелі қылысымен, бұрын рұхсат етілген жеңілдіктер мөлшерін азайтып тастады. Атап айтсақ, амортизация мерзімін ұзартып жіберді, негізгі қордың жылжымайтын қорына адамдар тұрмайтын үйлер мен ғимараттар үшін- 31,5 жылға дейін, ал адамдар тұрғындарға 27,5жылға. Бірақ қордың жылжымалы бөлігіне амортизациялық жойылу жеделдетіліп жіберілді, мысалы 5 жыл ішінде жоюға рұхсат етілген болса, алғашқы екі жыл ішінде жабдықтың 64 пайыз мөлшерінде құнын жоюға рұхсат етілген. Инвестициялық салықтың жеңілдіктер тек қуат өндіретін жабдықтар үшін сақталынған. Одан тыс шет елде ғылыми жобаларды үкіметтік кепіл беру арқылы жігерлендіреді, ол үшін артар деген зерттеу салаларына ұзақ мерзімді несие беру арқылы жүзеге асырылады. АҚШ-та ғылыми- техникалық салаға инвестицияны құю ісін ресми үкіметтік құжаттарында «болашақты инвестициялау» деп аталады, ал ғылыми зерттеу саласы ұлттық стратегиялық мақсаттарға жету жолының ең бір ьаңыздысы болып есептеледі. Инновацияларды реттеу үкіметтік жанама шаралары болып протексионизм саясаты сауда- валюталық реттеу түрінде табылады және ол ел ішіндегі жаңашыл іс шараларды қорғап, іске асыру мақсатына бағытталған. Мысалы, 1987 жылы электрондық өнеркәсіп Ассоциация ықпалының саласынан Рейган әкімшілігікейбір жапондық американдық нарыққа әкелетін түрлеріне 100% салық енгізді, өйткені жапониядан әкелінетін электрондық өнімдер осы тауардың америкалық экспортталынғанынан 16% ға асып кеткен.
Францияда инновацияларды экспортқа шығару ынталандырылатын шет елдерде бөлімшілерін ашып, тәуекелге баратын фирмалар 6 жыл ішінде салықтық жеңілдіктерге ие болады. Сонымен, шет елдік тәжірибе ұлттық мүддені қорғау мақсатында инновациялық іс- шараларға түрлі қолдау шаралары қолданылатынын және үкімет тарапынан реттелетінін көрсетеді.
ЕО саясаты халықаралық деңгейде қабылданатын бірігіп іс атқару және нақты бір бағдарлама мен іс шараларды қаржыландыру туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Бағдарламалардың өзі орталық не аймақтық үкімет органдары тарапынан жобалануы мүмкін. Қауымдастық тәжірибесінде іс шаралардың екі түрі болады- аймақтық даму жоспары және жеке бағдарламалар. Екі жағдайда қарастырылған іс- шараларға әр түрлідеңгейдегі субьектілер қатысады: Еуропалық комиссия, мемлекеттер, аймақтар не жеке мекемелер. Қазақстан Еуроодақтың экономика структурасы өзгеру салдарынан өндірістер төмендеп кеткен өндірістік аймақтарға байланысты қолданып жүрген саясатының жүзеге асыру тәжірибесі қызықтырады. Осы категорияға, атап айтсақ, Германиядағы Саар, Бельгия мен Нидерланды елдерінде бірдей аттас Лим жатады. Бұл аймақтағы экономика структурасының өзгеруіне кризис салдарынан Батыс Еуропада көмір өндірісінің жойылуын және қара металлургияның бір бөлігінің жойылуы себеп болды. Басқа категорияларға экономикасы артта қалған, ауылды мекендеп жатады, ал олардың төмендеп кету себептері әр түрлі, оның ішінде адамдардың қалаларға көшуі және халық саны аз провинциялар да болып табылады. Германияда ғылыми- техника қызметіне орталық тарапынан реттеліп, ұлттық маңызы бар бірқатар мекемелер арқылы қолдау көрсетіледі. Аймақтарда инновациялық іс- шаралар қаржы министрлігі тарапынан субсидиялар түрінде және венчурлық қаржыландыруын ынталандыру, оның ішінде оларды сақтандыру ретінде қолдауын табады.
Бұл мемлекетте нарық экономика жағдайларына ыңғайланып, инновациялық іс- шараларға жағдай туындату мақсатында, үкіметтік қолдау шаралары көбінде бұрынғы ГДР жерлерінің онсыз да күшті ғылыми- техникалықпотенциалы бар жерлерінің структурасының өзгертуіне бағытталған және олар үшін біріккен OSTFUEGO жобаларына қаржылық жағынан қолдау көрсететін бөлек бағдарлама қызмет етеді. Басымдық жоғары деңгейде тәуекелді не бұрынғы ГДР жерінде орналасқан мекемелер келісімінде олардың нарықтық жүзеге асырылуына есептелген болуы қажет. Одан тыс, Шығыс Германия аймағында технологиялық бағытталған мекемелер ұйымдастыруын қолдану FUTOUR бағдарламасы жұмыс істейді. Бастапқы кезеңінде ғылыммен тығыз байланысы бар мекемелердің ұйымдастырып және дамытуын білім, ғылым, зерттеу және технологиялар Министрлігі қаржыландырады. Бұрынғы ГДР жерлерінде орналасқан фирмалардың жаңа нарықтық аймақтарды не аймақтардың бір секторын игеру ісінің ұзақ мерзімді қаржыландыруын ERP инновациялық программа көлемінде не реконструкция ісін несиелеу банкі арқылы жасалынады.
Саяси жүйесі жоғары деңгейде орталандырылған Францияда инновациялық іс- шараларды қолдайтын әр- түрлі жүйелер жоғары дамыған. Аймақтық деңгейде мемлекеттік ғылыми техникалық саясат бұл жерде орталық министрліктер тарапынан құрылған инновациялық бағытталған арнайы структуралар арқылы жүзеге асады, олардың бірі, жоғарыда аталып кеткен ANVAR агенттігі.
1989 жылы өнеркәсіп министрлігі мен ғылым және технологиялар министрлігі, сауда, өнеркәсіп палатасы мен аймақтық әкімшіліктері біріге отырып, Францияда кең таралған технологияларды тарату орталықтарын құра бастады. Кейіннен, соның негізінде мемлекеттік технологияларды тарату жүйесі құрылды. Бүгінгі күні ғылым және технологиялар Министрлігі 150ден артық арнайы аймақтық инновация және технология трансферті орталықтарын құрды. Әрбір орталық білімнің не өндірістің бір саласында мамандандырылады.
Егер де бір аймақта бір салада жұмыс атқаратын мекемелер саны көп болса, олар тапсырылған технологияларды іске асыруға мүмкіндік беретін, не технологияға ие болған мекеменің өндірістік жағдайына ыңғайландыратын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Бұл технологияны пайдаланушыға жақындатып орналасқан орталықтар. Ғылыми дамыған аймақтарда сондай орталықтар жергілікті институт пен лабораторияларында өткізілген жобалардың нәтижелеріне сараптама жасауын- басты іске айландырады, яғни олар технологиялармен қамтамасыз етушілерге жақын орналасқан орталықтар болып табылады. Одан тыс Францияда көптеген орталықтар бар.
Инновациялық іс-шараларды басқарудың жанама реттеу түрінің маңызды біреуі болып, қолдау көрсетіп отыратын салықтық жүйенің қалыптастырылуы болып табылады.