Саурукова А.К. Совершенствование организационно-экономического механизма управления инновационной деятельностью предприятия. Дисс.канд. эконом. наук., Алматы, 2010
Кулбаева М.А. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері // э.ғ.к. дисс., Түркістан, 2009
12.1 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі мен мәні Кез келген елдің ұлттық инновациялық жүйесі мынадай негізгі жүйелерге бөлінеді:
Ғылыми потенциал - ұлттық экономиканың қолданбалы зерттеулердің дамыған ортасы арқылы қалыпқа келетін, фундаменттік жұмыстардың «ойын» коммерциялық қолдану дәрежесіне дейін жеткізетін ұлттық экономиканың инновациялық дамуы үшін аса қажет фактор. Ғылыми потенциал құрамына:
Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды, ұлттық ғылыми орталықтарды, зерттеу институттары, жоғары оқу орындарын, жобалау институттарын;
Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіподақтарды;
Ұйымдардың ғылыми кадрларын және индивидуальды өнертапқыштарын;
Материалды техникалық базаны қосады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылыми потенциалы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдарымен институттардың жұмысын бақылайтын тармақталған министрліктерді, жеке меншік ғылыми зерттеу ұйымдарын, шаруашылық жүргізу құқығына ие, ғылыми зерттеулерге бағытталған зерттеу орталықтарымен, сонымен қатар ұлттық компаниялар қарамағындағы ғылыми зерттеу институттарымен көрінеді.
Инновациялық кәсіпкерлік ғылыми- техникалық және өндіруші сфералар арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Инновациялық кәсіпкерліктің негізгі мақсаты нарық коньюктурасына жүйелі әсер ете алатын және бәсекеге қабілетті ғылыми талаптарға сай жаңа өнімдері мен әлем стандарттары деңгейіндегі жоғары сұранысты қанағаттандыратын өндіріс орындарын дамыту болып табылады.
Инновациялық кәсіпкерлік құрамына:
Бизнес, өндіріс орындары, инновациялық менеджерлер кіреді.
Консалтингерлік, білім беру мен ақпараттық құрылымдардың кешенін анықтайтын – қызмет көрсетуші әрі қамтамасыз етуші шарттары бар. Инновациялық қызметтің жүзеге асуы үшін ортақ байланысқан көпсатылы инновациялық инфраструктура. Инновациялық инфраструктура келесі элементтерден тұрады:
Әр түрлі механизмнің тура және жанама мемлекеттік қолдауының инновациялық кәсіпкерлікпен инфраструктурасының негізіндегі, инновациялық технологиялық даму аймағы ғылыми өндіруші және білім беру, қаржыландыратын қаржылық инфраструктура .
Ол келесі элементтерден тұрады. 1. мемлекеттік даму институттары, 2. Венчурлық қорлар, 3. Кәсіпкерліктер, 4. Индивидуальдық кәсіпкерлер, 5. Екінші дәрежелі банктер және т.б.
Тоқсаныншы жылдары Қазақстанда стратегиялық маңызды бағыттардағы ғылыми зерттеулердің елеулі түрдегі қысқартылуы, ғалымдардың беделінің түсуі.кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігінің төмендегі, интеллектуалды тұлғалар мен мамандардың шет елге ағымы болды.
Инновациялық үрдістерде кешенді, жүйелі басқарудың жоқтығы елдің ғылыми- технологиялық потенциалының әлсіреуімен бірге ғылыми өндірістің құлдырауына әкелді.
Қазақстан Республикасының инновациялық потенциялының кері әсер беретін келесі шешілмеген мәселелер:
Потенциалды серіктестер алдында ұсынылған технологияның бағасын түсіретін көптеген технологиялар мен өнімдердің ғылыми жоспарларының ақталмауы;
Техникалық жаңалықтарда заманауи механизмдердің жоқтығы, нарық экономикасы заңдарына жаңалықтарды игеру механизмі жоғары тәуекел мен сәттілік болған жағдайда жоғары төлем де тән кіші инновациялық кәсіпкерлікпен тығыз байланыста. Сонымен бірге экономикалық дамыған елдерде шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті шарттар жасалады.
Технологиялық парктер мен мамандандырылған бизнес- инкубаторлардың тәуекелді қаржыландыру қорының желісінің өсуші кезеңде фирмалар қолдауы мен қаржылық механизмдердің, интеллектуалды жеке меншік пен сертификатталған фирма бағалаушылары және т.б. тәрізді дамыған инфраструктуралық элементтердің жоқтығы;
Алдыңғы технологиялар ойластырылған жаңалықтарға ішкі нарықта қаржы төлеуге қабілетті сұраныстың жоқтығы. Жоғарыда айтылған инновациялық потенцал мен Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің кемшіліктерін жою үшін инновациялық үрдіске қатысатын отандық кәсіпкерлер қолдануы қажет. Қазақстан Республикасындағы инновациялық мүмкіндіктердің мемлекеттік қолдауының мақсаты инновациялық қызметтің дамуы үшін қажет жағдай жасау болып табылады. Бұл инновациялық қызметтің мемлекеттің қолдауы келесі принцптер негізінде жүзеге асады.
Инновациялық қызметті жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесін сақтау.
Инновациялық қызметтің приоритеттілігі, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Мемлекеттік қолдау кезінде инновациялық қызметтегі субьектердің теңдігі.