Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Инновациялық кәсіпкерліктің негізі



бет11/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

1.5 Инновациялық кәсіпкерліктің негізі
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бізге олардың глобальды бәсекелестік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріске жаңа технологиялар мен зерттемелерді енгізудің негізінде екенін дәлелдейді. Әр түрлі бағалаулар бойынша осы елдердегі өндірістегі өсулердің 70-100%-ы инновацияларды қолданудың негізінде болатынын кқрсетеді.
Инновациялық кәсіпкерлік деп экономикалық пайданы инновацияларды жасау және ұлттық экономиканың барлық сфераларында белсенді таратумен байланысты ерекше коммерциялық қызметті түсіну керек.
Инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне инновациялық қызмет жүзеге асыратын кәсіпорындар және ұйымдарды жатады.
Инновациялық кәсіпорындардың қызмет жасауының мақсаты болып технологиялық немесе өнімдік инновациялардан пайда алу табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін инновациялық кәсіпорындар келесі тапсырмаларды жүзеге асырады:
- зерттемені (разработка) немесе жаңа ғылыми ойларды іздеу және оларды бағалау;
- қажетті инвестициялық ресурстарды іздеу;
- нәтижелі басқару үлгілерінің жобаларын жасау.
Инновациялық кәсіпкерліктің басты қызметтерінің бірі болып ғылыми-техникалық және өндірістік сфералардың арасында делдалдық. Инновациялық кәсіпорындардың қызметі инновациялық өнім жасаумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешімдерді коммерциялық қолдануға дейін жеткізуімен байланысты ғылыми- техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектілерімен амалсыз жасалған шығындардың қысқартуына жағдай жасайды.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында өткізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерулер, кәсіпкерлік қызметті іске қосу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Сонымен қатар, инновациялық кәсіпкерліктің даму деңгейіне қарамастан республикадағы инновациялық потенциялды толығымен қолдануға мүмкіншілік бермейді. Бұл келесі себептермен түсіндіріледі:
- олардың технологиялары ғылыми зерттемелерінің көпшілігі аяқталмаған және өнімдерді нарыққа алып шығуға мүмкіншілігі жоқ және бұл тұтынушылар тарапынан сұранысты төмендетеді, ал ол өз кезегінде ұсынылып отырған технологиялардың (немесе өнімдердің) құндылығын потенциалды инвесторлардың көзінде төмендетеді.
- технологиялық жаңалық енгізудің және оларды нарыққа шығарудың заманауи механизмдерінің болмауы. Нарықтық экономика жағдайында жаңалықтарды игеру механизмі шағын инновациялық бизнеспен тығыз байланысты, ал оған жоғары дәрежелік тәуекелділік қана тән емес, сонымен қатар табысты болған жағдайда өте үлкен қайтарым да тән. Экономикасы дамыған елдерде ұлттық экономиканың ерекше секторы болады, ол шағын инновациялық кәсіпкерліктің (инновациялық инфрақұрылым) дамуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп отырады.
- технологиялық парк, мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелділікті қаржыландыру қорларының жүйесі (венчурлік қорлар), кәсіпорынды жылдам даму кезеңіндегі аранайы қаржылық қолдлау механизмі, кәсіпорынның және интеллектуалды жеке меншіктің серитификатталған бағалаушылар және т.б. сияқты инновациялық жобаларға қолғабыс көрсететін дамыған инфрақұрылым элементтерінің болмауы.
- ішкі нарықта алдыңғы қатарлы технологияларға және өндірістік жаңалықтарға төлем қабілеті бар сұраныстың болмауы
Сыртқы ортаның әсерімен болатын фирманың стратегиялық мақсаттарының жүйесі 3-суретте көрсетілген.
Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтің басты бағыттары болып жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды енгізу және жаңа өнімді шығару.
Қазақстан Республикасында өндірістің экономикалық өсу нәтижелілігін бәсеңдететін мәселелер:
- кәсіпорынның қаражаттық құралдардың шектелгендігі;
- жабдықтың белсенді бөлігінің тозушылығы;
- техника мен технологияның моральдық артта қалғандығы;
- ғылым мен өндірістің арасында байланыстың болмауы;
- қажетті инновациялар туралы хабардың жетіспеушілігі;
- инновация нарығының маркетингтік зерттеулерінің нашар дамуы;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет