Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Анағұрлым танымал процессуалды теорияларды келтірейік



бет50/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Анағұрлым танымал процессуалды теорияларды келтірейік:
1. В. Врумның күту теориясы. Бұл теория адамдар қандайда бір іс әрекет жасау кезінде одан туындайтын салдарды күтумен түсіндіріледі немесе көптеген жағдайларда адамдар саналы түрде, әрекеттердің альтернативті бағытын таңдайды, ал ол өз кезегінде оны өзі күткен нәтижеге жетелейді.
Осы теорияға сәйкес мотивация өзара байланысқан үш фактормен анықталады:
- жұмсалған күш, күтілген нәтижені беретінін күту (жұмсалған күш пен алынған нәтиже арасындағы қатынас (Ж-Н));
- алынған нәтиже артынан күтілген сыйақының болатынын күту (алынған нәтиже мен осы нәтиже үшін берілетін сыйақы арасындағы қатынас (Н-С));
- валенттілік, яғни күтілетін сыйақының атқарылған жұмыспен салыстырғандағы құндылығы
Күту теориясында мотивацияның формуласы келесідей өрнектеледі:



Мотивация = Ж-Н × Н-С × валенттілік



2. Стейси Адамстың әділдік теориясы. Бұл теоряға сәйкес әрбір адам мотивациясына едәуір дәрежеде оның ағымдағы іс-әрекеті мен нәтижесін өткен уақытпен және ең бастысы басқа адамдардың жетістіктерімен салыстыра отырып, әділ бағалаудың олардың қызметіне әсері өте күшті. Егер, адам өз ісінің нәтижесі басқа адамдардағыдай болғанын байқаса, ол өзінің қанағаттанғанын сезіп, белсенділік танытады немесе қанағаттанбаған жағдайда керісінше кимыл көрсетеді. Бұндай әділдік теория инновациялық формада қызмет ететін қызметкерлер үшін маңызы зор.
3. Э.Локтың мақсаттар қою теориясы. Бұл теорияда адамды мотивациялау оның мақсаттары мен еңбек нәтижесі және оларға жету кезіндегі қанағаттанумен анықталады. Бұл жағдайда адам өзінің алдына мақсаттар қояды. Олар оның ісінің интенсивтігі мен бағытын анықтайды. Осы ісін жүзеге асырып белгілі бір нәтижеге жеткен соң ол одан қанағат алады.
Мақсаттар қою теориясына сәйкес жұмыстың орындалу деңгейі және оның нәтижесі төрт мінездемелік мақсаттың дережесіне айтарлықтай тәуелді:

  • Күрделілік

  • Айқындылық пен анықтылық

  • Тиімділік (қолайлы, жарамды)

  • Нәтижеге жету үшін күш жұмсауға деген әзірлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет