9.3 Инновациялық басқарудың стратегиялық кезеңі
Басқару үрдісінің стратегиялық кезеңінің негізгі тапсырмасы болып ішкі және сыртқы жағдайларға, кәсіпорынның мүмкіндігі мен жаңару типіне сәйкес инновациялық стратегияны таңдау және жүзеге асыру табылады.
Перспективті даму стратегиясының міндеті қазіргі жағдайды ескере отырып ситуацияға сәйкес «Жерлендірілуі» (заземляться) керек.
Стратегиялық кезеңде менеджер стратегияны таңдау барысында матрицалық анализге жүгінуі керек, ол 4-кестеде көрсетілген [3].
Басқару стратегиясына ұзақ мерзімді мақсаттар мен іс-әрекетті ретін жасау жатады.
Инновациялық қызметтің статегиялық жоспары кәсіпорынның жағдайы, өзара байланысқан ішкі және сыртқы факторларның ситиуациялық анализіне ғана емес, ішкі және сыртқы жағдайларды болашақтағы болжамына да, сонымен қатар, болашақта болатын оқиғалардың нақты болуын бағалануына жүгінуі қажет.
4-кесте – Инновациялық стратегияны таңдау матрицасы
Жаңарудың ішкі ортасы
|
Сыртқы орта
|
Тұрақты
|
Тұрақсыз макроэкономикалық орта, тұрақты сұраныс, қалыпты бәсекелестік
|
Тұрақты макроэкономикалық орта, өзгермелі нарықтық орта, белсенді бәсекелестік
|
Жоғарғы анықсыздық, тәуекел және ортаның өзгермелілігі
|
Модернизация
|
Батыл басу (қимылдау)
|
Дифференциацияның фокусталған стратегиясы
|
Көшбасшының соңынан еру
|
Сыртқы қауіп-қатерден қорғану
|
Технологияларды жартылай жаңарту, құралдарды жетілдіру, өнімнің жаңаруы
|
Кең дифференциациялы батыл басу стратегиясы
|
Кең дифференциациялы стратегия
|
Фокусталған дифференциациялы стратегия
|
Көшбасшының соңынан еру
|
Жаңалық кластерлерінің негізінде өндірісті жаңарту жүйесі
|
Батыл басу, көшбасшылық
|
Позицияның бекітілуі, көшбасшылық
|
Ситуациялық, көшбасшылық
|
Дифференциацияның батыл басу стратегиясы
|
Радикалық технологиялық шешімдерді енгізу және өндірісті қайта құру
|
Шабуылдаушы, көшбасшылық
|
Бірқалыпты басып кіру, көшбасшылық
|
Позициялардың бекітілуі, көшбасшылық
|
Новаторлық, ситуациялық
|
Болжау бірнеше тұрғы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін [4]:
Аналогия әдісі;
Математикалық моделдеу әдісі.
Болжау бүгінде – бұл арнайы маманданған саладағы білім. Кәсіпорынның болашақтағы ұзақ мерзімді болжамы экономикалық, технологиялық және әлеуметтік даму келешегіне негізделіп жасалады.
Неғұрлым анықсыздық пен тәуекел көп болса, соғұрлым көп кәсіпорындар шабуылдаушы саясатына ауысады.
Новаторлық кәсіпорынның мақсаты мен стратегиясын таңдау, тиісті ұйымдастырушылық құрылымдарды басқару және құрудың маңызды кезеңі болып табылады.
Инновация мен инновациялық менеджменттің типтері: ағымдағы өнім сапасының жоғарылауы, өндірісттің нәтижелілігі, - дәстүрлі стратегия сипатында болады; өндіріс шығындарын азайту, ресурстарды үнемдеу – нарықтағы сонополиялық жағдайға тән стратегия.
Иммитациялық стратегиямен байланысты көзқарас бар. Инновациялық стратегиялық менеджмент мақсаттарды қою және ұйымның міндеттері мен оны қоршаған ортасын бірегей түйінге байланыстырады.
Инновациялық менеджментте өзгерулерді байқап қою және жағдайды моделдеу негізінде соған сәйкес өзгеру стратегиясын әзірлеу, сонымен қатар, стратегияны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті тактика мен процедураларды қолдану анағұрлым жоғары бағаланады.
Инновациялық стратегиялық менеджменттегі қызмет жүйесі 14-суретте көрсетілген [5].
14-сурет – Инновациялық стратегия менеджментінің жүйесі
Кәсіпорынның сыртқы ортасының жағдайлық анализі стратегиялық анализіне қарағанда – саяси, құқықтық, экономикалық және технологиялық қоршаған орта – макроэкономикалық, жалпылама және жалпы көрсеткіштерге көңілін көп бөлмей, нақты бір стратегияны таңдап оны жүзеге асырылуын басқарады. Жағдайлық анализге стратегиялық қызмет кезеңінде қазіргі жағдайы туралы, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, технология мен сұраныс пен ұсыныс жағдайы және бәсекелестерінің әрекеті туралы ақпарат қажет.
Стратегиялық кезеңді жасау және сәтті жүзеге асыру үшін кәсіпорынның ішкі ортасының жағдайы туралы білімі қажет.
Операциялық стратегияның келесі сатысы болып, стратегиялық диагноз табылады, және оның негізінде қажетті операциондық стратегияны жинақтау.
Таңдалған стратегияны жүзеге асыру үшін менеджер келесі ережелерді сақтай отырып жүзеге асыру әдістерін таңдайды:
Жүзеге асыру кезеңдері адымдық сипатта болуы керек;
Процедура жай тапсырмалар сериясынан тұруы қажет;
Әрбір тапсырманың нақты мақсаты болуы керек;
Тапсырмалар функционалды түрде берілуі керек (Мысалы, өндірістік қуаттылықты өңдеуді ұлғайту үшін не істеу керек немесе уақытты қысқарту ұшін сату көлемінің критикалық деңгейіне жету).
Стратегияны жүзеге асырудың тапсырмалары нақты тұжырымдалып әрбір стратегиялық қадамды нақты сипаттауын өзіне біріктіруі керек. Стратегиялық кезеңнің жүзеге асырылуын бақылау кезінде өзінің спецефикасы болады. Стратегиялық кезеңді бақылауға деген талаптарға мінездемесі және жиілігі қосылады. Кері байланыстың болуы, автоматталған жүйелер мен эконометриялық үлгілерді қолдану мүмкіндіктері. Операциялық жүйелердің стратегиялық кезеңінің кескіні келесі суретте көрсетілген (15-сурет).
15-сурет. Операциялық жүйелердің стратегиялық кезеңінің кескіні
Басшылық кез-келген стратегияны таңдау барысында келесі 4 факторды ескеру қажет [4]:
Тәуекел. Әрбір қабылданатын шешімдердің қайсысына қандай тәуекел деңгейін фирма дұрыс деп санайды?
Өткен стратегиялар мен оның нәтижелерін білу фирманың болашақта анағұрлым жаңа әрі сәтті стратегияларды жасауға игі септігін тигізеді.
Уақыт факторы. Жақсы идеялар жарамсыз уақытта қолдануға ұсынылғандықтан, жиі сәтсіздікке ұшырап отырған.
Иелеріне деген әсері. Стратегиялық жоспарлар компания менеджерлерімен әзірленеді, бірақ иелері оны өзгерту үшін жиі күш көрсетуі мүмкін. Кәсіпорын басшылығына осы факторды да ескере отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |