Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет59/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. 6-е изд. – СПб.: Питер, 2008 – 448 с.: ил. – (Серия «Учебник для вузов»)

  2. Инновационный менеджмент: Учебник / Под ред. проф. В.А. Швандора, проф. В.Я. Горфинкеля. – М.: Вузовский учебник, 2004. – 382 с.

  3. Инновационный менеджмент: Учеб. пособие / Под ред. В.М. Аньшина, А.А. Дагаева. – М.: Дело, 2003.- 528 с.



9. ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАСҚАРУ


9.1 Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының типологиясы
Үлкен корпорациялардың жаңашылдық қызметін қарастыратын болсақ, біріншіден, оларда инновациялық процестерді ұйымдастырудың ортақ, стандартты формалары жоқ, бұл стандарт формалар әр компания үшін ерекше болып келеді, және екіншіден, инновациялық процестерді ұйымдастырудың формалары корпорациялар арасында ғана ерекшеленбей, сонымен қатар салалардың ішінде де ерекшеленеді. Әрбір инновациялық процеске ерекше құбылыстар сияқты, ерекше тұрғы керек. Сондықтан инновациялық процесті ұйымдастыру мен басқарудың нақты формалары мен әдістерін толығымен қарағанда ірі өнеркәсіп компаниялардың инновациялық стратегиялардың жалпы қағидалары туралы қарастырған жөн.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын келесі суретте көрсетуге болады [1].

1
2-сурет – кәсіпорынның инновациялық стратегиясының кескіні


Жалпы инновациялық стратегияны негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады:



  • ҒЗТКЖ жүргізу стратегиялары;

  • Жаңалықты енгізу және бейімдеу стратегиялары.

Стратегиялардың бірінші тобы кәсіпорынның зерттеулер мен әзірлемелерді (разработка) жүргізумен байланысты. Аталған стратегия идеяның, ҒЗТКЖ инвестициялау және олардың бар өнімдермен және процестермен деген арақатынасының алынған мінездемесін анықтайды.
Стратегиялардың екінші тобы өндірісті жаңарту, өнімдерді нарыққа шығару, технологиялық басымдылықтарды пайдалану жүйесіне жатады. Әрбір стратегияның мазмұны:
Лицензиялық стратегия. Кәсіпорын өзінің қызметін ҒЗТКЖ саласында нақты бір ғылыми-техникалық ұйымдар немесе басқа кәсіпорындардың зерттеу нәтижелері мен әзірлемелеріне зерттеу лицензияларын алуға негіздейді. Өзінің жеке ҒЗТКЖ үрдісі кезінде әрі қарай дамуты және қолдану мақсатымен аяқталған немесе аяқталмаған әзірлемелер алынады. Осының негізінде кәсіпорын жеке нәтижелеріне қысқа және анағұрлым төмен шығындармен жете алады.
Параллелді әзірлемелі стратегия дайын өнімге технологиялық лицензияны немесе үрдісті үдемелік тәжірибелік игеру мен оны кейіннен өзінің әзірлемелерінің нәтижелері бойынша технологияларды өндіру арқылы иеленуді көздейді. Бұндай стратегия кәсіпорынның сырттан сатып алуға болатын әзірлемелер болған жағдайда жаңа өнімдер мен процестерді үдемелі игеру мақсаты болған кезде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, ол өзінің бәсекелестерінің дәл сол инновацияларды (сатып алу кезінде, мысалы, шығарып салу лицензиясы) игеруін әлсіздету үшін де қолданылуы мүмкін. Аталған стратегия соңында кәсіпорынның өзіндік негізінде инновациялық өсімді жүзеге асыруға және кәсіпорынның нарықтағы үлесінің ұлғаюына септігін тигізеді.
Зерттеушілік көшбасшылық стратегиясы кәсіпорынның ҒЗТКЖ облысының белгілі-бір саласы бойынша ұзақ уақыт бойы алдыңғы орындарда тұрақтап қалуға негізделген. Аталған стратегия жобалардың көпшілігін S-тәріздес қисықтың кезеңдердің басында және өсу кезеңдерінде (иілу нүктесіне дейін) болуға деген ұмтылысты дәріптейді.
Басыпозушы ғылымисиымдылық стратегиясы.Аталған стратегияны қолданатын кәсіпорын сала (салаішілік) бойынша өнімнің ғылымисыйымдылығының орташа деңгейден жоғары болуына ұмтылады. Бұл стратегия нарықтағы өте қатты бәсекелестік жағдайда және басқа кәсіпорындардың баға мен шығындарды төмендету кезеңін анықтау кезінде қолданылуы мүмкін.
Өмірлік циклға жүгіну стратегиясы. Аталған жағдайда ҒЗТКЖ өнімнің өмірлік циклымен және кәсіпорынның қолданылатын процесстерімен тығыз байланысты. Бұндай стратегияны қолдану шығып бара жатқан өнімдер мен процестердің орнын толтыруға бағытталған ҒЗТКЖ іргелі нәтижелерінің үнемі болуын қамтамасыз етеді.
Өнімдік қатарды қолдау стартегиясы анағұрлым қарапайым түрлеріне жатады. Оның маңызы моралдық тозуға аз ұшырайтын дәстүрлі шығарылатын тауарлардың тұынушылық қасиетін жетілдірумен түсіндіріледі.
Ретрожаңалық енгізу стратегиясы ескірген, бірақ әліде сұранысқа ие және қолданыста жүрген бұйымдарға қолданылады. Мысалы, ұзақ мерзімді қолданысқа арналған күрделі техниканың босалқы бөлшектерін шығару. Аталған техника өндірістен шығарылып таслауы мүмкін, бірақ оны пайдалану және жөндеу үшін босалқы бөлшектерді қажет етуі мүмкін. Мұндағы иннвациялар оларды жасау процесін жетілдіруге бағытталады.
Технологиялық позицияларды сақтап қалу стратегиясы мықты бәсекелік позицияларды ұстап тұрған кәсіпорындармен қолданылуы мүмкін. Бірақ белгілі-бір себептерге байланысты дамудың кейбір кезеңдерінде өзінің бәсекелестерінің күтпеген жерден қатты тегеуірінін сезеді және өндіріс пен өнімдерін жаңарту үшін қаражат сала алмайды. Бұндай стратегия ұзақ уақыт мерзімі ішінде сәтті болмауы мүмкін.
Өнімдік және процестік имитация. Кәсіпорын технологияларды шеттен алуы мүмкін. Тіпті өнімнің өзімен қатар, оны өндіру процестерін де шеттен алу да жатады. Ол қазір қолданыста жүрген технологияларды алумен жүзеге асырылады, бірақ бұл өз кезегінде ескірген технология мен өнімді сатып алу қауіпінің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұндай стратегия тек кәсіпорын өзінің бәсекелестерінен ғылыми-техникалық потенциал бойынша анағұрлым артта қалып тұрса немесе өзі үшін жаңа бизнеске кірген жағдайда нәтижелі болуы мүмкін.
Кезеңдік басып өту стратегиясы төменгі технологиялық даму кезеңінен жоғарғыларға өтуді көздейді. Қарастырылып отырған стратегия имитациялық стратегиялармен, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген басыпозушы ғылымисиымды стратегиямен тығыз байланысты.
Технологиялық сабақтастық стратегиясы – кәсіпорын технологиялық жағынан бір-бірімен сабақтасқан инновацияларды жүзеге асырады. Егер технология жағынан сабақтас өнiмдердiң еншiсiне 70% өнiм дәл келсе, серiктестiк технология жағынан сабақтас өнiмдi шығарады деп есептеледi.
Технологиялық трансферт стратегиясы – вертиалды-біріккен құрылымды бас кәсіпорындармен жүзеге асырылады. Олар әбден жетіліп меңгерілген технологияларды аталған құрылымға кіретін кіші кәсіпорындарға береді. Соңғысы, әдетте анағұрлым ірі кәсіпорындарға қызмет етеді, сол себепті олардың ұсынатын технологияларын қолдануға мәжбүр болады. Бұл кіші кәсіпорындардың (алушы) стратегиялары вертикалды алынған (тартылған) болып табылады.
Нарықтың соңынан еру (жүру) стратегиясы – бұл кәсіпорынды қазіргі уақытта нарықта аса көп үлкен сұранымға ие және тиімді тауарларды өндіруге бағыттайды. Бұндай стратегия кәсіпорынның миссиясы мен саласы нақты анықталамған кезде, яғни кәсіпорын дамуының алғашқы кезеңдерінде қолданылуы мүмкін.
Вертикалды түрде бір жақтан алу стратегиясы – вертикалды-біріккен құрылымды ірі кәсіпорындардың құрамындағы кіші кәсіпорындар аталған құрылымның көшбасшы кәсіпорындардан технологияларды қабылдап алуға мәжбүр болады.
Радикалды басып озу стартегиясы – бұл кәсіпорынның нарыққа радикалды түрде жаңа тауарды (немесе бұл тауарды жаңа әдістермен өндіру) бірінші болып шығаруға деген ұмтылысымен түсіндіріледі. Бұл стратегия бірқатар жағдайларды ҒЗТКЖ стратегияларының екеуін жүзеге асыруды көздейді: көшбасшылық стратегиясы және басыпозушы ғылымисиымды.
Радикалды басып озу стратегиясы өте қымбат және тәуекелі көп болып табылады. Дегенмен де, бірқатар жағдайларда жас ұсақ өнімдер мен процестердің пионерлік әзірлемелері бар кәсіпорындар мақсатты түрде қолданылған жөн.
Көшбасшылық күту стратегиясы – бұл стратегия көшбасшы-кәсіпорындармен сұранысы әлі анықталып қоймаған жаңа өнімдер нарығына шығу кезеңінде қолданылады. Алымын бұл нарыққа ұсақ кәсіпорындар шығады, ал жолы болған жағдайда бастаманы өзіне ірі кәсіпорын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет